Көксай шатқалы

Көксай шатқалының етегі Ақсу-Жабағылы табиғат қорығының буферлік аймағы болып табылады да, Оңтүстік Қазақстан облысына бағынады. Бұл аймақ, биологиялық құндылықтарға толы: тоғайлар, арша тоғайлары, таулы альпі шалғындары шалғынды далалармен алмасып отырады. Тоғайларда қайыңның жойылып бара жатқан түрлері (талас және тянь-шань қайыңдары), ұусақ жапырақты тас, Түркістан рябинасы, ағашты және бұталы аршалар өседі.


Таулы далалар мен шалғындар түр кұрамына бай, олар бағалы сәндік және дәрілік өсімдіктердің тектік коры болып табылады. Мәселен: мыңжапырак, зверобой, зезифира, сиыршан, самарқант тмині, кипрей, ромашка, мускат шалфей, хвощ эфедрасы, қызғалдақтардың түрлері, қоңыр-қауыл сушөбі, ятрышник, талас акониті. Каньон мен шаткал Жамбыл облысының табиғат мұрасының ең бай объектісі. Бұлар Республикалық "Ақсу Жабағылы" қорығына келген туристердің назарын аударып отырады
 

Бұл көрнекті орын үшін виртуалды саяхат жоқ

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу