Талдықорған ескерткіштері: «Үш ата» ескерткіші

Талдықорғанның қақ ортасында 2006 жылы ұлы арғы аталарымыздың құрметіне, оларға тағзым еткен ұрпақтары көтерген сәулетті монумент анадайдан көз тартады. «Үш ата» деп аталған ескерткіштің скульптуралық композициясында ХҮП-ХҮШ ғасырлар аралығында өмір сүріп, жоңғарлардың қалың әскерлерін талқандауға айтарлықтай үлес қосқан атақты Ескелді би, Балпық би және Қаблиса жырау сияқты үш тарихи тұлға бейнеленген.

 

Көздерінің тірісінде олар туралы аңыздар ауыздан ауызға тарап, екі көреген саясаткер, ержүрек батыр мен дана би, суырып салма ақын, халқының қорғаушылары болып табылатын бір-біріне адал үш пікірлес серіктестердің абырой-атағына Ұлы Кең даланың халқы шүбә келтірмейтін. Олардың жауынгерлік ерліктері, Ескелді би, Балпық би және Қаблиса жыраудың даналығы мен ақындық шеберлігі туралы бұрынғы және қазіргі ақындар мен зерттеушілер көптеген өлеңдер шығарып, поэмалар, күйлер, трактаттар мен монографиялар жазған. Ескерткішті орналастырудың өзінде үлкен мағына жатыр – үш алып қарттың жанарлары шығысқа қарап, көптеген ғасырлар бойы алдымызда не күтіп тұрғанын асқан шеберлікпен болжай білген, егемен Қазақстанның арайлап атар таңын көріп тұрғандай...

 

Бұл көрнекті орын үшін виртуалды саяхат жоқ

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу