Айтбай мешіті

Айтбай мешіті Қызылорда қаласында орналасқан сәулет өнері ескерткіші. 1878 жылы Айтбай қажының қаржысына Әулиеата шеберлері Ысқақ пен Камал салған.
Ауданы 22х16. Алдыңғы жағы үлкен портал болып келеді, күйдірілген қышпен өрнектелген, ортасындағы ойық-есік, екі жағынан төрт жалған терезе іспеттес оймышпен әшекейленген. Төбесі қаңылтырмен жабылып, іші сыланып, әктелген. Республикалық маңызы бар, қорғау аймағы белгіленген архитектуралық ескерткіш.
Пікірлер