Емельян Пугачевтің музей-үйі

Орал қ., Достык-Дружба даң., 35,
тел: 8 (7112) 26 49 86

 

XVIII ғасырдағы сәулет өнерінің туындысы және құнды тарихи ескерткіш болып саналатын Е.И. Пугачевтің музей-үйі қала тұрғындары мен қонақтардың сұранысына ие. Әр адамның санасында Отан деген ұғым өзі мекендейтін қаланың тарихымен оның архитектуралық және тарихи ескерткіщтердің бірі – Емельян Пугачевтің музей-үйі. Бұл музейдегі жәдігерлердің әрқайсысының тарихы бар. 1773-1775 жылдардағы шаруалар соғысының өртіне шарпылған мекені ретінде тарих бетінен өз орнын алған музей-үйінің тарихи құңды деректер жинаумен шұғылданған ұлы орыс зерттеушілері мен жазушыларының есімдерімен де тығыз байланысты екендігі дауысыз.


1967 жылы бұл үйде кітапхана болса, 1991 жылдан бастап қайталанбас тарихи ескерткіш облыстық тарихи - өлкетану музейінің қарамағына берілді. Мұнда қазақтардың тұрмыстық бұйымдары мен қару жарақтарының түп нұсқалары, тулар, зеңбіректер, құнды патша сыйлықтары орын алған.
Музей көрмесіндегі жүздеген жәдігерлер - өлке тарихы мен Жайық қазақтарының тұрмыстық келбеті мен өзіндік ерекшелігінің айшықты белгілерінің бірі.
 

Бұл көрнекті орын үшін виртуалды саяхат жоқ

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу