Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі

Орал қ., Достык-Дружба даң., 184,
тел: 8 (7112) 50 65 28, 50 51 65, 51 19 52


Батыс Қазақстан облыстык тарихи-өлкетану музейі – ең көне және тарихи маңыздылығы зор музейлердің бірі. Музей 1832 жылы мектеп мұғалімі М.К.Курилиннің ұйымдастыруымен ашылған. Атақты орыс ғалымдары Г.С.Карелин, Н.С.Северцев, Л.С.Берг музейді ұйымдастыруға ат салысқан.
Бұл ғимарат 1879 жылы орыс-қырғыз /қазақ/ мектебі үшін шығыстық сәулет өнері бойынша салынған. Орал облыстық атқару комитетінің шешімімен 1980 жылы облыстық тарихи-өлкетану музейіне берілді.


Бүгінгі таңда осы музейдің құрамында бірнеше филиалдар бар: Кеңес Одағының Батыры М.Маметованың музей-үйі, С.Датұлы атындағы Сырым аудандық өлкетану музейі, М.Шолохов музей - кешені, суретші С.Ғұмаров музейі, Табиғат және эколгия музейі, Е.Пугачевтің музей-үйі қала тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсетуде.


Музей қорында 102917 жәдігерлер жинақталған. Қазақ халқының қол өнер туындылары, тұрмыстық заттар, батырлардың ер-тұрмандары мен сауыт-саймандары, хандардың билік белгісі-асатаяқ, ханша Фатиманың камзолының көшірмесі, Кіші жүз хандарының портреттері бар.
Музейде – археология, орта ғасырлық Алтын Орда кезеңінің және Жайық қалашығының пайда болу тарихы, Кіші жүз тарихы, Бөкей хандығының тарихы, Кеңес кезеңінің тарихы, Батыс Қазақстан облысының білім мен ғылым, өнер мен мәдениет салаларының даму тарихы, қазақ халқының этнографиясы, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің тарихына арналған залдар бар.


Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі-өнер мен мәдениеттің алуан түрлі ескерткіштерін сақтау қоры. Жас ұрпақтарды тәрбиелеу мен білім беру ісіне өз үлесін үнемі қосып отырады. Социологиялық зертеулердің ұлттық мұраларға жастардың қызығушылығын арттыра түскендігін ескере отырып, музейдің ғылыми қызметкерлері мектеп, лицей, гимназия мен колледждердің оқушыларына арнап музейлік-педагогикалық бағдарламалар жасайды.
Бағдарламалар музейдің түрлі жұмыстарын біріктіреді. Бұл – экскурсиялар, лекциялар, музейлік сағаттар, әңгіме кештері және даталы күндер.
 

Бұл көрнекті орын үшін виртуалды саяхат жоқ

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу