Қойлық

Қойлық – қарлұқ тайпасының астанасы. Іле алқабындағы, Алматы облысының Сарқан ауданындағы Қойлық ауылының шығыс жақ шетіне орналасқан ең үлкен қала. Уақыты ҮШ-ХІҮ ғасырлармен белгіленген тарихи ескерткіш болып табылады. Осы жерлерде жиырмасыншы ғасырдың аяғынан бері жүргізіліп жатқан қазба жұмыстарының нәтижесінде археологтар бекініс қабырғаларымен қоршалған, биіктігі төрт метрге дейін жететін көптеген түрлі құрылыстар тапты.
Қойлық өзінің аумағында будда және манихей храмдары, христиан шіркеулері мен мұсылман мешіттері бейбіт түрде көршілес орналасқанымен танымал.

 

Бұған дәлел король ІХ Людовиктің елшісі – монах Гильом Рубруктің «Шығыс елдеріне саяхат» атты күнделік очерктері. 1253 жылы француз Қарақорымындағы моңғол ханы Мөңкеге бара жатып, Іле алқабындағы осынау көне қаланы басып өткен. Міне бүгін де, жеті жүз жыл өткеніне қарамастан археологтар Қаялықтан француз тәжінің қол астындағы адамның жазғандарының көбісін тауып алуда, олар: қарлұқ жабғуының сарайы, түрлі конфессиялардың діни құрылыстары, хаммамдар (шығыс моншалары).Өткен заманның саяхатшылары өздерінің жазбаларында бірнеше рет Балқаш көлі деп аталатын, айдын су алаңы 18200 шаршы метр болатын, қазіргі Қазақстанның ірі су қоймасы болып табылатын, сахараның үлкен көлі туралы бірнеше рет атап өткен.

Бұл көрнекті орын үшін виртуалды саяхат жоқ

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу