Петропавл қ. астрофизикалық обсерваториясы

Бас астрофизикалық обсерваторияның жабдықтарына 0,77 метр айна диаметрiмен Ричи-Кретьен жүйесiнiң телескопы кiредi. М. Қозыбаев ат. Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетi оқу корпустарының барлық кешенiне қайталанбас ажар беретiн планетарий күмбезi, Leariving Technologies фирмасының (АҚШ) проекциялық аспаптарымен жабдықталған.

Бұл осы заманғы ғылыми мiндеттердi шешуге мүмкiндiк беретiн республикамызда көлемi жағынан екiншi телескоп. Орталық құрамына обсерваториямен бiр ғимаратта орналасқан планетарий кiредi. Планетарий проекторы аспан денесiнiң әр жартышарының 3000-ден астам жұлдызының сапалы түрлi-түстi суретiн алуға мүмкiндiк бередi. Жұлдызды аспанды Ғаламшардың кез-келген нүктесiнде, кез-келген жыл мен тәулiк мезгiлiнде тамашалау мүмкiн.

Бұл көрнекті орын үшін виртуалды саяхат жоқ

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу