Алматы қаласының Орталық мешiті

Алматы қаласының Орталық мешiті Қазақстандағы ең ірі мешіттердің бірі болып табылады. Орасан зор ғимарат 7 мың келушілерге есептелінген. Мешіт 1999 жылдан бастап жұмыс істеуде. Құрылыстың аяқтауын тездетуде және оны пайдалануға берілуіне мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың жеке көмегi маңызды рөл атқарды. Айбынды ғимарат Қазақ ұлттық нақышта мәрмәрмен және түрлi түстi оюлармен безендiрілген, сонымен қатар биiктiгі 36 метр және диаметрі 20 метр болатын көгiлдiр күмбездi тәж орнатылған. Үлкен мұнарасының биiктiгi 47 метр. 2000 жылы күмбезді тәж түрік ұсталарының каллиграфиялық орындауында Құран аяттарымен безендірілді. Сәулеткерлері - Баймагамбетов пен Шарапиев.


 

Бұл көрнекті орын үшін виртуалды саяхат жоқ

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу