Арыстан баб кесенесі

Бұл кесене XII ғасырда өмір сүрген діни көріпкел Арыстан баб мазарының үстіне салынған. Кесененің бірінші құрылысы XIV-XV ғасырға жатады. Сол құрылыстан кесілген айван тізбектері қалған. XVIII ғасырда көне мазардың орнында жер сілкінісінен кейін екі кесілген ағаш тізбекке тірелген айванмен салынған екі күмбезді құрылыс орнатылды. XVIII ғасырда құрылыс қиратылып, фриз жазбалары бойынша 1909 жылы қайта салынды. 1971 жылы жоғары деңгейдегі грунт сулары салдарынан мешіт құлатылып, қайта орнатылды. Құрылыс алебастр ерітіндісінде күйдірілген кірпіштен қабырғаның сырт жағына салынды. Қазіргі кезде бұл кесене Орталық Азиядағы қажылық міндетті өтейтін мұсылман киелі жерлерінің бірі болып саналады.

 

Аңыз бойынша Арыстан баб Мұхаммед пайғамбардың елшісі болған. Бір күні Мұхаммед пайғамбар өзінің шәкірттерімен құрма жеп отырған еді. Бір құрма қайта-қайта ыдыстан құлай беріп, пайғамбар ішкі дауысты естіді: « Бұл құрма Сізден кейін 400 жыл алдағы уақытта туылатын мұсылман бала Ахметке арналған» Сонда пайғамбар шәкірттері ішінен бұл құрманы кім иесіне жеткізетінін сұрайды. Ешкім сұранған жоқ. Пайғамбар сұрақты қайта қойғаннан кейін, Арыстан баб былай деді: « Егер Сіз Алла Тағаладан 400 жыл сұрап берсеңіз мен бұл құрманы иесіне жеткіземін» Халық аңыздарынан және жазба деректеріне қарағанда («Рисолаи Сарем-Исфижоб» және Куприлозада кітабы) Арыстан баб Ахмет Яссауидің ұстазы болып құрманы жеткізеді. Қазіргі кезде Арыстан баб мазары үстінде 30*13 метр аумағы бар кесене тұр. Тарихи деректер бойынша XII-XVIII ғасырларда кесене бірнеше рет қайта салынып, қайта жаңартылды. Қожа Ахмет Яссауи ұлы әулие мен діни көріпкел 1103 жылы туылып 1166 жылы қайтыс болған.

 

Мұсылмандар ішінде Қожа Ахмет Яссауи Мұхаммед пайғамбардан соң екінші болып саналады. (Түркістан) Арыстан баб кесенесі – Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы жерленген орны болып келеді. Аңыз бойынша, о дүниеге кетер алдында Мұхаммед пайғамбар Арыстан бабқа аманат тасбиғын берді, ал ол 11 жастағы бала Қожа Ахмет Яссауиге ұсынды. Арыстан баб кесенесі жанында емдеу қасиеттері бар өте тұзды сулы құдық бар. (Сайрам ауылы) - Ибрагим-ата мазары - Қожа Ахмет Яссауидің әкесі (Сайрам) - Қарашаш-ана мазары - Қожа Ахмет Яссауидің анасы (Сайрам) - Гаухар-ана мазары - Қожа Ахмет Яссауидің қызы ( Түркістан) - Али Қажы мазары - Қожа Ахмет Яссауидің күйеу баласы (Түркістан) - Баб-Араб мешіті – мұсылмандар Түркістан қаласын екінші Мекке деп, ал сол қасетті жерлерге бару Кіші қажылық деп санайды. - Домалақ-ана – Анар-ана – бұл қасиетті екі тас арасынан тек сенімі бар адам ғана өте алады. - Ғайып берген құдығы – тереңдігі 40 метр. Бұл суды тек жаны таза адам ғана толтырып ала алады. Көбіне бұл қолдан келмейтін іс, өйткені шелек не сынады, не су жан-жаққа шашырайды. Бұл екі сынақты жолаушылар Түркістанның киелі жерлерін аралап шыққан соң барады. Бұл сынақ адам қаншалықты жанын тазартқанын және Алла қаншалықты оның сыйынуын естігенін тексеріледі. - Айша-бибі кесенесі – бұл жер бала көтере алмайтын және мықты жанұя сұрайтын әйел адамдар аса киелі тұтатын жер болып саналады. - Райымбек атаның жерленген орны – бұл жерге барып келген адамның жолы болып, жұмыстарында сәттілік болады. - Скит және 1921 жылы атлыған Серафим мен Феогнаст әулие монахтардың жерленген жерлері бар. Бұл жерде еркектер монастырі орналасқан. Оларға сыйыну денсаулық, сәттілік әкеледі, бәле-жаладан сақтайды. - Монахово ойпатында үңгір ішінде монахтар әдейі қамалып, қызыл әскерлермен қуылған кезде өздерін жарып жібереді. - Ребе Леви Ицхок Шнеерсон мазары, яғни қазақ жеріне жер аударылып, иудаизм дінін таратып, Тораны жақсы білетін Любавичский ребе Менахем Мендл Шнеерсон әкесі болып келеді. Мазарға әр жерден еврей ұлтынан адамдар келіп, сыйынады. - Қозы –Көрпеш және Баян – Сұлу кесенесінде ғашықтар бақыт тілеп, жалғыз адамдар - өмір серігін сұрайды. - Иса пайғамбардың суреті жақында христиан ұлтын таң қалдырған еді.(Қаратау) - Қоманқожа-баба және оның екі шәкірттері жерленген жер – « Кімде ұлы жоқ болса ұл беріп, кімде қыз болмаса қыз береді» Күзететін сақтаушы адам арнайы жерлерге кітаптар салып, ашық түсті матадан тұмар жасайды. (Қарағандының шығысында Айдарлы ауылы) - Құлболды –баба әулиенің мазары қабырғасының шаңы ем болады деп есептеледі.Топырағын суға араластырып ішсе ем болады, әсіресе бала ауруларына көмек болады. ( Шіркейлі ауылы) - Жар ішіндегі Бекет –ата мазары. Бұл жерге баратын адамдар сол үңгірдің манында қонса, түстерінде қиын мәселелеріне жауап таба алады. (Бейнеу, Маңғыстау облысы) - Астанадағы әйелдер монастырінде атаусыз жоғалып кеткен адамдарға іздеу салатын жер - Оптина шөлінің әулиесі Севатиан әкейдің мазары орналасқан. Ол Карлагқа жер аударылып, Қарағандыда алғаш рет Рождество Богородицаға арнап шіркеу салады. - Белуха тауы – Рерих артынан еретіндер жиналатын жер. - Аркаим – көне зороастра қала мешіті, ол жерде 12 Аспан жұлдыздары салынған.Жазда бұл жерде зороастраға сенушілер жиналып сыйынады. Арыстан Баб кесенесі Арыстан баб ерекше адам болған. Оны аңыздар бойынша Қ.А Яссаудің ұстазы мен жол бастаушысы болып саналады. Арыстан баб XII ғасырда жерленген. Жуықтап сол кезде кесене де салынған. Бұл сақталған кесене XX ғасырдың басында салынған. Бірінші бөлмеде Арыстан баб орналасқан, екіншісінде – шәкірттері Хермет-баба, Қарға баба, Лашын баба жерленген.

 

Бұл көрнекті орын үшін виртуалды саяхат жоқ

Пікірлер

24.07.2012, 23:44
туристическая компания "Эйб-Тур" дает Вам возможность посетить с святые места Туркестанского оазиса подробность стоимость программы обращайтесь по тел: 8-775-153-90-50 с\у Садир
26.06.2012, 13:44
Asilbek
Raxmet kop narse bildim
13.01.2012, 21:20
Мейрам
Неге Үкаша ата туралы ештеңе жоқ:
19.10.2011, 18:17
Maral
Сіздерге көп көп рахмет.
15.03.2011, 10:52
Динмухамед
Рахмет осы сайтка


Жіберу