Күләш Байсейітова атындағы опера және балет театры

Ақжайық көш., 10
Тел.: 39-27-61
Кассаның жұмыс режимі: 10.00 ден 19.00 дейін


Астанаға кірген бойда жолаушы, вокзал маңы алаңы жанынан өте бере, батасын алып, өзінің астанамен қызықты танысуын бастайды. Бірінші болып оны негізгі кіру есігінде мерекелік колоннадасы бар және интерьерлері бай жапсырмалы ордерлік жүйедегі классикалық үлгі негізінде салынған үш қабатты кірпіш ғимарат қарсы алады. Қазір ғимаратта К. Байсейітова атындағы опера және балет театры орналасқан, ал бұның алдында ол Теміржолшылар сарайы болатын. 1954 жылы салынған. Орталық портал жартылай колонналы, ризалиттер, фронтондар, көрікті нишалар, пилястрлер… ХIХ ғ. аяғындағы классикалық стильдегі сәулет өнерінің үлгісі ретінде бұрынғы Теміржолшылар сарайы тарихи және сәулет өнері жағынан аса құнды болып табылады, сақтауға және жергілікті мәндегі тарихи және мәдениет ескерткіштері тізіміне енгізілуге жатады. Ал 1998-2000 жылдары сарай жаңартылды. Онда театрды орналастыру үшін орындар саны 800-ден 360-қа дейін қысқартылды. Жаңартуға дейін жалпы алаң 4500 текше м, кейін – 10161 текше м құрады. Осындай шалғайдағы қаланың шағын Мәдениет сарайы бір үлкен зал, кіші – 70 адамға, дәріс залы, екі дайындалу, 38 гримерлік, 8 киім-кешек бөлмелері, дыбыс жазу студиясы, шеберхана, қойма, холлдар, 70 адамға арналған ресторан – осындай ойластырылған инфрақұрылымы болған. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша 2000 жылы қаңтарда астаналық театр құрылды. Бүгінде ол еліміздің ең жас музыкалық театры болып табылады. Қазақ және әлемдік музыкалық мәдениетінің дәстүрінің көзі ретінде ол классикалық мұраны пайымдайды, және жаңару үстіндегі қазақстандық қоғамның рухани сұранысын қанағаттандырады. Ұлттық театр репертуарының басым бөлігі болып отандық және әлемдік музыкалық театрдың жауһарлары белгіленген, сондай-ақ Қазақстандағы опера-балет жанрының дамуына септігін тигізетін жаңа шығармалар туғызу.


Әртістердің бірінші құрамы Қазақ Ұлттық музыка академиясы, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университеті түлектері, сондай-ақ тәжірибелі сахна шеберлері мен болашағы бар дарынды әртістерден құралды. Қалыптасқан әсем вокалды труппаның өзегі болып – ҚР халық әртісі Хорлан Қалиламбекова мен ҚР еңбегі сіңген
әртіс Қанат Омарбаев табылады. Дарынды жас әншілер мен бишілер алдында жарқын кәсіпқойлық өсу мүмкіндігі ашылып отыр. Ұлттық театрдың опера және балет театры труппасы солистерінің аттары көптеген елдердегі операны сүюшілерге танымал болды. Мына аттарды атаудың өзі жеткілікті, айталық Жаннат Бақтай, Айгүл Ниязова, Байғали Момбеков, Наталья Мызюк, Маргарита Дворецкая, Жанат Шыбықбаев, Гульфайруз Құрманғожаева

Бұл көрнекті орын үшін виртуалды саяхат жоқ

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу