Бейбітшілік және Келісім Сарайы

Есіл өзенінің оң жағалауы

 

Барлығы атайтындай, әлемнің сегізінші таңғажайыбы биіктігі 62 метр және негізіндегі ені де сондай түзу пирамида пошымында салынған. Имарат өзі жасанды онбесметрлік үйінді үстінде орналасқан. Атақты мэтр, ағылшын сәулетшісі Норман Фостер өзінің жобасы үшін діни жаққа қатысы жоқ пошымды арнайы таңдап алды. Тек осы жер ғана барлық әлемдік дәстүрлі діндер өкілдерінің конфессиялар арасындағы қатынасына қызмет етеді.

 

Бейбітшілік және келісім пирамидасы – бұл толеранттық идеясының апофе-озі іспеттес, Қазақстан халықтары бірлігіне ескерткіш, оның үйлесімдік пен гуманитарлық құндылықтарға ұмтылуы. Әлемде барлығы уақыттан қорықса, тек уақыт қана пирамидадан қорқады. Ежелгі мысырлықтар солай деп айтқан және өздерінің жұмбаққа толы пирамидаларын тұрғызған, перғауындарының аттарын уақыт және кеңістік аралығында мәңгіге аттарын қалдырған. Пирамида, қатты және қырлы, бізге мәңгіліктің мызғымас символы ретінде жетіп отыр. Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайына ұқсас архитектуралық культті нысан бүкіл әлемде жоқ.

 

Әрине, әртүрлі діни дәстүрлерді өз шаңырағы астына жинайтын имараттар баршылық, бірақ қазақстандық ғибадатхана – бұның олардан өзгешелігі құрылымдық диалогқа арналған бір үлкен алаңның болуы. Әртүрлі әлемдік дәстүрлі діндер өкілдері жиналатын жерде Мәдениет мұражайы, Өркениет университеті, 1500 орындық Опера театры орналастырылғандығы өте орынды. Болат, алюминий, көптеген арнайы шыны құрылымдар, бірегей техникалық идеялар, архитектуралық жаңашылдық – ғимарат шынында да таңғажайыпқа ұқсайды. Панорамалы лифт барлық ниет білдірушілерге жасыл террассалар мен пирамида төбесінен құйылып тұрған жарық ойынына сүйсіне қарауға мүмкіндік береді. Тағы бір қызықты жайт: шыңға жаяу шығуға болады: қазір «Астананың аспалы бақтары» аталатын толқынды баспалдақтары арқылы жүруге тура келеді. Қысқасы, сыртынан қарағанда да көз тоқтатарлық жерлері бар: Фостердің ұлы пирамидасы Есілдің екі жағалауынан да көрінеді. Ал түнде оның шыңы ішінен жанып тұрады.

 Экскурсияның бағасы 500тг.

Бұл көрнекті орын үшін виртуалды саяхат жоқ

Пікірлер

28.09.2011, 12:57
asan
salem karindas
09.02.2011, 11:16
Мадик
укажите пожалуйста цены на экскурсии


Жіберу