Көрнекті орындар


Қарлаг жаппай саяси қуғын-сүргін кезінде ұйымдастырылған ГУЛАГ (Қазақ КСР Халық комиссариатына (НКВД) қарасты лагерьлерінің Бас басқармасы) деп жинақтап алынған атымен жүздеген лагерьлердің бірі болған. Қазір бұрынғы ҚарЛаг мекемелері облыстағы тарихи-мәдени ескерткіштердің санатына жатқызылды. Кейіннен ҚарЛагтың әкімдік орталығына айналған Долинка кенті қазіргі Қарағанды қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 50 шақырым жерде орналасқан.
Пікірлер (0) Қарау саны: 57050
Одан әрі оқу


Қарағанды ЭкоМұражайы – ТМД аймағындағы бұған тәріздес бірегей мұражайлардың бірі. Мұнда Қазақстан табиғи ресурстарының әр түрлілігі, олардың шығаруы мен кейінгі өндеуі туралы, Семей ядролық полигонының тарихы мен қазіргі қауіпсіздігі жөнінде, Байқоңыр ғарышалаңы мен ракеталардың апатқа ұшырағаны мен қирағаны туралы білуге болады.
Пікірлер (2) Қарау саны: 31495
Одан әрі оқу


Екінші дүниежүзілік соғысынан кейін сталиндік лагерьлердегі тұтқындарлар қатарын шетел әскери тұтқындары (жапондар, румындар, немістер, венгрлер, молдавандар, литвалықтар) толықтырды. Әскерилер негізінде Қарағандыдан оңтүстікке қарай 45 шақырым жерде орналасқан Спасскідегі Песчаный лагерінде тұтқында ұсталды.
Пікірлер (0) Қарау саны: 26790
Одан әрі оқу


Қараганды қаласынан шығысқа қарай 120 шақырымдай жерде аширит-диоптаз бірегей тастың кен орны орналасқан. Бұл минералдың тазалығы мен түс тереңдігі соншалықты, өзіне кереметтей ұқсайтын изумруд асыл тасынан тек арнайы маман ғана ажыратуы мүмкін.
Пікірлер (0) Қарау саны: 21917
Одан әрі оқу


Ақсоран Қызыларай тауы мен Қазақ ұсақ шоқыларының (Сары-Арқаның) жалпы алғандағы ең биік нүктесі болып табылады, оның биіктігі 1565 метр құрайды. Төбеден ашылып көрінетін таулы көгалын (оазисін) қоршаған даланың панорамасы 600 метрге көтерілуіне шыдауға арзитын көрініс. Ақсораннан жүз шақырымдай жерді көруге болады, үңіліп қарағанда көкжиекте одан 120 шақырым жерде орналасқан Бектау-Ата тауларының кескіндерін (сілемдерін) анық көріге болады.
Пікірлер (6) Қарау саны: 35228
Одан әрі оқу


Қызыларай тауларының ең биік нүктесі – Ақсоран тауының баурайында орналасқан Шабанбай Би ауылы жергілікті қоғамдастықтарына (бірлестіктеріне) негізделген Орталық Қазақстандағы экотуризмның дамып келе жатқан орны болып табылады. Туристерге жергілікті тұрғындардың үйлерінде тұруға, сонымен бірге қарапайым ауыл тұрмысымен танысып, қазақтың бесбармақ, қуырдақ, палау және басқа да ұлттық тағамдарынан дәм татуға теңдессіз тамаша мүмкіндік беріледі.
Пікірлер (0) Қарау саны: 33826
Одан әрі оқу


Тәуелсіздік стелласы 2006 жылы орнатылған. Стелла төрт жағынан тұлпарлармен және төбесінде күн астындағы қыранмен декарацияланған. Қазақ халқында тұлпар - дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi...
Пікірлер (0) Қарау саны: 34906
Одан әрі оқу

Кеншілер Мәдениет Сарайы Қарағанды қаласының басты ерекше ғимараттарының бірі. 1940 жылы салынып, 1952 жылы қолданысқа берлілген. Облыстың барлық ірі іс-шараларының барлығы осы ғимаратта өткізіледі.
Пікірлер (0) Қарау саны: 33267
Одан әрі оқу

Қарағанды қаласының көптеген ескерткіштері де туристерді қызықтыруы мүмкін. Олардың ішінде Абылай ханның ақылшысы, суырып салма ақын Бұқар жыраудың ескерткіші, қазақ әдебиетінің классигі, ұлы ақын Абай Құнанбаев ескерткіші және тағы басқалары көз тартарлықтай.
Пікірлер (0) Қарау саны: 63573
Одан әрі оқуҚаланы немесе аймақты таңдаңыз: