Көрнекті орындар

Шайтанкөл көлі Шайтанкөл көлі

Шайтанкөл көлі Қарқаралы қаласының оңтүстік батысында бес км жерде, Бұғылы тауының ткңіз деңгейінен 1200 м биіктігінде орналасқан. Ұзындығы 60 метр, ені 40 метр. Орташа тереңдігі 2 метр. Жартылай бұзылуға ұшыраған қат қабатты гранитті жартаспен қоршалған. Көлді хош иісті қарағай орманы қоршаған.

Пікірлер (1) Қарау саны: 24170

Одан әрі оқу Виртуальный тур
Қарқаралы табиғат мұражайы Қарқаралы табиғат мұражайы

Мұражайда флора мен фаунаның барлық түрлері жиналған. төрт бөлімі бар. Экспонаттар 5 көрме залында орналасқан. Сонымен қоса мұражайда Қарқаралы ауданының барлық табиғи ескеткіштерінің суреттері оррын тапқан. Экскурсоводтар мен мұражай мамандары арнайы экскурсия ұйымдастырады.

Пікірлер (0) Қарау саны: 21402

Одан әрі оқу Виртуальный тур
Қарқаралы Қарқаралы

Қарқаралы тауларының баурайында жайғасқан Қарқаралы қаласының негізі 1824 жылы салынды және онда оның егде жасын растайтын көптеген материалды дәлелдер сақталған. Оларға Құнанбайдың (ұлы қазақ ақыны Абайдың әкесінің) қайта қалпына келтірілген мешіті, Рязанов саудагердің үйі, XIX ғасырда салынған ағаш үйлер топтамасы. Сол кезде Орталық Қазақстанның ең басты қаласы бола тұра, Қарқаралы көптеген саяхатшылар мен ғалымдардың ұмтылған жері болды.

Пікірлер (0) Қарау саны: 17635

Одан әрі оқу Виртуальный тур
Қарқаралы таулары Қарқаралы таулары

Орталық Қазақстанның таулы оазисі болып саналатын Қарқаралы көлдері, ормандары және мөлдір таза бұлақтарға бай өлке.

Пікірлер (0) Қарау саны: 23990

Одан әрі оқу
Құнанбай Өскенбаев мешіті Құнанбай Өскенбаев мешіті

Тұрғызылғанына шамамен 150ж. өткен. Осы күнде алғашқы нұсқасынан біршама өзгерген күйінде сақталған. Ғимараты қарқаралылықтар арасында ұлы Абай мен атақты Құнанбай есімімен байланыстыра еске алады. Сәулетші белгісіз. Құнанбай Өскенбаев мешіті 1849-1853жж. салынды.

Пікірлер (0) Қарау саны: 14922

Одан әрі оқу
Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы

Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғат бағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 желтоқсандағы № 1212 қаулысымен құрылған. Қарағанды облысының Қарқаралы ауданының шығыс жағында орналасқан. Ұлттық бақтың жалпы аумағы 90323 га жер учаскесін құрайды, оның 40341 га орман шаруашылығы.

Пікірлер (0) Қарау саны: 44707

Одан әрі оқу
Нәтижелер: 1 - 6 / 6
< Артқа | 1 | Алға >

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні