Көрнекті орындар


Баянауыл тауларындағы көлдер арасында көлемі жағынан екінші болып саналатын Жасыбай көлі. Бірақ өзінің танымалдығымен ол бірінші орында. Жан-жақтан таулармен қыспақталған көлге қазақ-жонғар соғыстарының батыры Жасыбайдың есімі берілген. Мұнда тек соның есімімен аталған өткелмен жетуге болады: аңыз бойынша дәл осында Жасыбай қарсыластарының басым күштерін ұстап қалған екен.
Пікірлер (0) Қарау саны: 66247
Одан әрі оқу


Баянауыл – бұл шөлейтті даланың ортасындағы көркем орын. Тау жартастары мен жоталары өсімдіктің көптілігімен және бірі біріне ұқсамайтындығымен таң қалдырады. Баянауыл тауларында болған адам мұнда денінің саулығы үшін демалуға міндетті түрде қайтып келеді.
Пікірлер (0) Қарау саны: 76535
Одан әрі оқу

Гидрографиялық торабы Баянауыл тауларының сол түстік –шығыс, солтүстік-батыс беткейлерінен, солтүстігінде Акбет тауларынан, батысында – Аккарағай, Шибет, Огелең, оңүстігінде – Нияз тауынан ағып шығатын көлдермен және көптеген өзендермен көрсетілген. Су жиналымының таулы бөлігінде бұлақтар бастауын реттейтін және кіші су ағындарының басында тұрақты беткейлік ағынды ұстап тұратын бұлақтар мен сарқыншалар күйінде жарықтық сулар шығып жатады.
Пікірлер (0) Қарау саны: 35508
Одан әрі оқу

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жануарлар дүниесін, сүтқоректілердің 48 түрі құрайды, олар 5 отрядқа жатады. Жәндікжегіштер отрядына 5 түр, жыртқыштар отрядына 9 түр, қостұяқтылар отрядына 3 түр жатады. Негізгі түрі Қазақстанның тау қойы - архар.Ол Қазақстанның қызыл кітабына енген. Басқа екі түрі: елік және бұғы өте сирек кездеседі, олар тек қана маусымдық көшіп - қонулар жасайды. Кеміргіштердің 3 түрі, қолқанаттылар көп мөлшерде көрсетілген 23 түрі бар және қоянтектес 4 түр.
Пікірлер (1) Қарау саны: 43308
Одан әрі оқу

Горчаковскийдің мәліметтері бойынша Баянауыл МҰТП-де 441 жоғары тамырлы өсімдіктер есептелген. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университет қызметкерлерімен 2005-2008 жж. аралығында ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі шеңберінде өткізілетін «Қоршаған ортаны қорғау саласында ғылыми зерттеулер» бағдарламасына сәйкес...
Пікірлер (0) Қарау саны: 26205
Одан әрі оқуҚаланы немесе аймақты таңдаңыз: