Көрнекті орындар


Маңғыстау өлкесін шын мәнінде білгісі келген адам, міндетті түрде сұлу Шерқаламен көркемделетін тамаша таулы арнаға аяғын басып көрді. Кейбіреулер оны шөлін қандырған жолаушының төңкерген кесесіне ұқсайтындығын айтады. Басқа біреулер тауды бір жағынан киіз үйге, екінші жағынан жасырынып тұрған жануарға ұқсастырады. Бетпақ даланың ортасында тәкаппар жұмбақ мүсінді тау Шерқала биіктен көрініп тұр.
Пікірлер (0) Қарау саны: 46644
Одан әрі оқу

Қарақия ойпаты көлемі жағынан бесінші Тәуелсіз Достастық елдерінің ағын сусыз терең ойпаттарының бірі болып табылады. Оның тереңдігі кез келген мектеп оқушысына таныс – 132 м. Оның ұзындығы елу километрге жуық. Қарақия ойпаты Үстірт шоқысының бөлігі болып табылады, ойпаттың сілемі неоген шөгінділерінен құралған. Ойпаттың жоғарғы жағы сарматтық берік ізбестен, орталық жағы – жұмсақ балшық, тез қирайтын тау жыныстарынан құралған. Жаңбыр суының ағындары, жел, өзеннің бұзылған жылғалары ойпаттың жер бедерін қалыптастырады. Ойпаттың биік басынан айналаны тамашалауға – алыста мұнарланған тұман, төселген көкжиек, ал жаныңда деміңді шығармайтындай тұңғиық шыңырау. «Қарақия» түк тілінен аударғанда «қара аңның араны» дегенді аңғартуы тегіннен емес. Айналаның барқыт жамылған адыр төбесі жол-жөнекей өтетін жолаушылардың көзін тамсандыратындай. Қарақия ойпаты өткен алыс жылдарда Каспий теңізінің бір бөлігі болған, теңіз иірімімен толып Қарақия шығанағында бөлініп шығатын болған. Міне, осы күйінде Қарақия шығанағы Шығыс Каспийді зерттеуші-ғалым Александр Бекович-Черкасский құрастырған картаға түсірілген. Қарақия ойпатының солтүстік-шығыс ұшпасында тарихи ескерткіштер, ежелгі адамдардың қоныстанған мекені болған.
Пікірлер (0) Қарау саны: 43927
Одан әрі оқу

Маңғыстау кездейсоқ келушіге алғашқы көзқарасқа түссіз-тақыр, күннен шаршап, жел күйген жер сияқты болып көрінуі мүмкін. Осы жерге тамырын жайып, өніп-өскен адамдарға – ол қасиетті құдай берген жер. Маңғыстаудың әрбір тасында осы жерді мекендеген халықтардың тарихының жасырын жұмбағы жатыр.
Пікірлер (1) Қарау саны: 44822
Одан әрі оқу

Түпқараған мүйісі – уақыттар құдығы, мәдениеттер конгломераты. Армяндар, украиндар, поляктар, қазақтар, түрікмендер, немістер Түпқарағанға бірдей сезіммен, Түпқараған мүйісінде өткен бір уақыттарда өмір сүрген олардың ата-бабалары жөнінде естелікті сақтайтын қасиеттілерге құрмет көрсету үшін келеді.
Пікірлер (0) Қарау саны: 24121
Одан әрі оқу

Саура көлі үш жағынан жарты тостаған тәрізді биіктігі елу метрдей тұйық бет түріндегі тік жартастармен қоршалған. Саура шатқалы өзіне жұмбақтығымен көз тартады. Мұнда батпақ тасбақалары мекендейді.
Пікірлер (0) Қарау саны: 38954
Одан әрі оқу

Бес, тіпті он миллион жылдар бұрын табиғаттың астан-кестен өзгерістерінің нәтижесінде, бүгіндегі Үстірт шоқысы көтеріліп, теңіз апаты орасан үлкен аумақты құрғатып, әрі қарай жер қойнауына кейін шегінуіне тура келді.
Пікірлер (0) Қарау саны: 68781
Одан әрі оқу

Көп шақырымға созылған тегістіктен кейін, күтпеген жерден бұрыш секілді тас шарлар алқапқа жайылған. Осы тас шарлар қайдан түсті немесе Маңғыстау түбегіне оларды кім әкелген? Теңіздің ар жағындағы Атлант дәуі немесе өжет батыр Ерсары-Баба зеңбіректен атып, жерге шашылған тас жаңғақ дәндер Шар алқабына айналған ба? Міне 250 жыл бойы ғалымдар бастарын қатырып, болжамға батып, бір пікірге келе алмауда. Бір нәрсе түсінікті, осы тас шарлар немесе тас конкрециялар ғалымдармен зерттелудегі ерекше күш қуатымен қуатталған дөңгелек түрдегі минералдық тау тастарын құрайды. Ал біздер, табиғаттың таң қаларлық туындысы – Маңғыстау жеріне шашылған тас кесектерін тамашалаумен қанағаттанамыз және осы шар конкрециялары өлкенің назар аударарлық кереметі болғанына қуанамыз.
Пікірлер (0) Қарау саны: 38995
Одан әрі оқу

Сисем-Ата зиратын батырлар сағанасы деп атайды. Қазақ даласының көптеген рулары мен тайпаларының даңқты өкілдері Үстірт жерінде өз орнын тапты.
Пікірлер (0) Қарау саны: 23458
Одан әрі оқу

Әр түрлі уақыттар мен замандарда Каспий теңізі Көк, Қара, Ақ, Гиркант, Хазар, Дербент деп аталды. Алайда, барлық уақытта да тұзды суымен осы теңіз оның жағалауында өмір сүрген адамдардың сүйікті жері болатын. Каспиймен мүлде қоштасып кеткен жандар, соңынан, сағыныш меңдеумен, бір күнге, бір айға болса да қайтып келіп, теңіздің жылы толқындарына суға түсуге, Каспий жағалауында өмір сүрген жылдарын еске түсіру үшін келеді. Каспийде мүйіс көп. Дегенмен, Борлы мүйіс деп аталатын ерекше бір мүйіс бар. Дәл осы жартасты мүйісті адамдар ұнатып, ақ тастан қала салды. Осылайша, ол Ақтау қаласы аталды.
Пікірлер (1) Қарау саны: 33508
Одан әрі оқуҚаланы немесе аймақты таңдаңыз: