Көрнекті орындар

Қорғалжын қорығының визит-орталығы Қорғалжын қорығының визит-орталығы

Қорғалжын табиғи қорығы ретінде мемлекет қорғауындағы ЮНЕСКО дүниежүзілік табиғи мұралар Тізіміне енгізілген Теңгіз-Қорғалжын көлдер жүйесі орнитологтар, бёдвотчерлер, сондай-ақ табиғи табиғат сүйішілері үшін үлкен қызығушылық танытуда.

Пікірлер (0) Қарау саны: 21571

Одан әрі оқу Виртуальный тур
Ерейментау таулары Ерейментау таулары

Астана қаласынан 150 шақырымдай жерде орналасқан Ерейментау таулары Қазақстан туристік картасындағы тағы да бір ақ таңдақ болып қалды. Бірақ, тас пен қола ғасырлардың көптеген молалары, скифтік ескерткіштер, түркі тас мүсіндері, осының бәрі осы жерлер арқылы өркениет жолдары өткендігін дәлелдейді. Сондықтан да бұл жерлерге келу қызықсыз әсерлер қалтыру мүмкін емес.

Пікірлер (0) Қарау саны: 30892

Одан әрі оқу Виртуальный тур
Жасыбай көлі Жасыбай көлі

Баянауыл тауларындағы көлдер арасында көлемі жағынан екінші болып саналатын Жасыбай көлі. Бірақ өзінің танымалдығымен ол бірінші орында. Жан-жақтан таулармен қыспақталған көлге қазақ-жонғар соғыстарының батыры Жасыбайдың есімі берілген. Мұнда тек соның есімімен аталған өткелмен жетуге болады: аңыз бойынша дәл осында Жасыбай қарсыластарының басым күштерін ұстап қалған екен.

Пікірлер (0) Қарау саны: 67220

Одан әрі оқу Виртуальный тур
Бурабай курорты Бурабай курорты

Бурабай (орысша - Боровое) – бұл Көкшетау қыраттарының солтүстік-батыс бөлігін алып тұрған жердің атауы. Оны бірнеше үлкен және көптеген кіші көлдер, сондай-ақ орман басқан биік емес таулар құрайды. Ірі гранит массиві мұндағы жауын-шашындардың көп болуы, жазғы температураларының неғұрлым төмен болуы, желден жақсы қорғалғандықтан өзгеше жергілікті микроклимат болғанының себебі.

Пікірлер (0) Қарау саны: 83683

Одан әрі оқу Виртуальный тур
Орал сәулеті Орал сәулеті

Орал қаласының негізі Урал өзенінің оң жағасында 1613 жылы салынған. Қала негізін қалаған ерікті казактары болды. Олармен осы жерлердің тарихы мен өзгешілігімен өзіне тартатын қала сәулеті байланысты. Тарихи тұрғыдан қала қазір тұрған Михайло-Архангель соборы жерінде пайда болған.

Пікірлер (0) Қарау саны: 30777

Одан әрі оқу Виртуальный тур
Алматыдағы Зенковтың кафедралы соборы Алматыдағы Зенковтың кафедралы соборы

Аталған православтық собор (кафедралы собор - епископтың басқаруымен құдайға сиынатын шіркеуді (соборды) көпшілік Алматының ең қызықты сәулет ескерткіші деп орынды санайды. 56 метрге көтерілген ағаш ғимараты аңыз бойынша «бір де бір шегесіз», XX ғасырдың басында Андрей Зенков инженердің жобасы бойынша салынған.

Пікірлер (0) Қарау саны: 29228

Одан әрі оқу Виртуальный тур
Қайыңды көлі Қайыңды көлі

Қайыңды көлі көшкін жылжығанның нәтижесінде бір ғасыр астам бұрын пайда болған. Алматыдан шығысқа қарай 280 шақырым жерде қарағайлы мен жапырақты ормандармен жабылған Күнгей Алатауында орналасқан. Жолаушының көз алдында біршама сюрреалистік көрініс тұрады: суға батқан кемелерге ұқсас Тянь-Шань шыршаларының діңгектері тура судың ішінен 15 метрге дейін көтерілгендей.

Пікірлер (0) Қарау саны: 45041

Одан әрі оқу Виртуальный тур
Шақпақ-Атаның жер астындағы мешіті Шақпақ-Атаның жер астындағы мешіті

Форт-Шевченкодан солтүстік-шығысына қарай 20-дан астам шақырым жерде, Түб-Қараған түбегінде орналасқан Шақпақ-Ата мешіті Батыс Қазақстандағы сәулетшіліктің ең көне ескерткіші болып табылады. Мешіт жоспарының пішіні, сондай-ақ басқа да сәулет детальдары ғимараттың IX-X ғасырға жататынын дәлелдейді.

Пікірлер (0) Қарау саны: 25204

Одан әрі оқу Виртуальный тур
Ақмыш шатқалы мен Шерқала жар Ақмыш шатқалы мен Шерқала жар

Ақтау қаласынан 170 шақырым жердегі Шетпе кентіне жақын орналасқан Ақмыш бұл әрі әсем табиғат та, әрі соншалықты қызық тарихы да деуге болады. Шағын орман (тоғай), сыңғырлаған бұлақтар, жартас жасалымдарының таң қаларлық пішіндері аясында зерек саяхатшы орта ғасырлар дәуіріне жататын тарихи оқиғалардың іздерін көруі мүмкін.

Пікірлер (0) Қарау саны: 30869

Одан әрі оқу Виртуальный тур
Шопан-Ата мешіті Шопан-Ата мешіті

Аңыз бойынша Ақтау қаласынан 200 шақырымнан астам жерде Сенек кенті аумағында орналасқан бұл мешіт Қожа Ахмет Иасауи әулиенің шәкірті сопы Шопан-ата салған. Аңызда Шопан-ата мұнда тәлімгерлерінің асатаяғын тауып алып, сол жерде он бір жер асты камералардан тұратын мешіт тұрғызу шешіміне келді.

Пікірлер (0) Қарау саны: 21697

Одан әрі оқу Виртуальный тур
Нәтижелер: 41 - 50 / 319
< Артқа | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | Алға >

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні