Көрнекті орындар

Тау кесесі Шерқала Тау кесесі Шерқала

Маңғыстау өлкесін шын мәнінде білгісі келген адам, міндетті түрде сұлу Шерқаламен көркемделетін тамаша таулы арнаға аяғын басып көрді. Кейбіреулер оны шөлін қандырған жолаушының төңкерген кесесіне ұқсайтындығын айтады. Басқа біреулер тауды бір жағынан киіз үйге, екінші жағынан жасырынып тұрған жануарға ұқсастырады. Бетпақ даланың ортасында тәкаппар жұмбақ мүсінді тау Шерқала биіктен көрініп тұр.

Пікірлер (0) Қарау саны: 41630

Одан әрі оқу
Қарақия ойпаты немесе Батыр көлі Қарақия ойпаты немесе Батыр көлі

Қарақия ойпаты көлемі жағынан бесінші Тәуелсіз Достастық елдерінің ағын сусыз терең ойпаттарының бірі болып табылады. Оның тереңдігі кез келген мектеп оқушысына таныс – 132 м. Оның ұзындығы елу километрге жуық. Қарақия ойпаты Үстірт шоқысының бөлігі болып табылады, ойпаттың сілемі неоген шөгінділерінен құралған. Ойпаттың жоғарғы жағы сарматтық берік ізбестен, орталық жағы – жұмсақ балшық, тез қирайтын тау жыныстарынан құралған. Жаңбыр суының ағындары, жел, өзеннің бұзылған жылғалары ойпаттың жер бедерін қалыптастырады. Ойпаттың биік басынан айналаны тамашалауға – алыста мұнарланған тұман, төселген көкжиек, ал жаныңда деміңді шығармайтындай тұңғиық шыңырау. «Қарақия» түк тілінен аударғанда «қара аңның араны» дегенді аңғартуы тегіннен емес. Айналаның барқыт жамылған адыр төбесі жол-жөнекей өтетін жолаушылардың көзін тамсандыратындай. Қарақия ойпаты өткен алыс жылдарда Каспий теңізінің бір бөлігі болған, теңіз иірімімен толып Қарақия шығанағында бөлініп шығатын болған. Міне, осы күйінде Қарақия шығанағы Шығыс Каспийді зерттеуші-ғалым Александр Бекович-Черкасский құрастырған картаға түсірілген. Қарақия ойпатының солтүстік-шығыс ұшпасында тарихи ескерткіштер, ежелгі адамдардың қоныстанған мекені болған.

Пікірлер (0) Қарау саны: 38408

Одан әрі оқу
Маңғыстау түбегі Маңғыстау түбегі

Маңғыстау кездейсоқ келушіге алғашқы көзқарасқа түссіз-тақыр, күннен шаршап, жел күйген жер сияқты болып көрінуі мүмкін. Осы жерге тамырын жайып, өніп-өскен адамдарға – ол қасиетті құдай берген жер. Маңғыстаудың әрбір тасында осы жерді мекендеген халықтардың тарихының жасырын жұмбағы жатыр.

Пікірлер (1) Қарау саны: 38898

Одан әрі оқу
Екідің рәсімдік құрылысы. VII-IX ғғ Екідің рәсімдік құрылысы. VII-IX ғғ

Арқалық қаласы әкімдігіне қарасты Екідің селосына жақын алқапта ертедегі екі рәсімдік құрылыс (Дің) жабайы тастан кигіз үй тәріздес салынған. Шамамен ерте темір ғасыр уақыты. Жергілікті аңыз бойынша, XVII-XVIII ғғ. Екі Дің тұрған төбелер арасындағы алқапта қантөгіс соғыс болған. Бір-бірімен жауласқан рулардың әскербасылыарының ордасы осы жерде орналасқан.

Пікірлер (0) Қарау саны: 14971

Одан әрі оқу
Алматы мемлекеттік табиғи қорығы Алматы мемлекеттік табиғи қорығы

Алматы қорығы өзінің жалпақ жапырақты және шыршалы ормандары, Альпы жайылымдарының белдеуі, шатқалдар мен көлдер бойынша өтетін экологияық маршруттарымен туристердің барлық санаты үшін аса қызықты болып табылады. Қорықтың өсімдіктер дүниесі өте бай.

Пікірлер (0) Қарау саны: 91594

Одан әрі оқу
Жаркент мешіті Жаркент мешіті

Жаркентке келіп, оның басты назар аударарлық жері – Жаркент мешітінде болмау мүмкін емес. Осынау ХІХ ғасырдың аяғында салынған таңғажайып сәулет ескерткіші ерекше өзгеше: діни құрылыс кірпіштен емес, Тянь-шань шыршаларының бөренелерінен бір де бір шеге қақпастан салынған.

Пікірлер (0) Қарау саны: 24613

Одан әрі оқу
"Барсакелмес" мемлекеттiк қорығы "Барсакелмес" мемлекеттiк қорығы

Барсакелмес қорығында өте сирек кездесетін флора мен фауна бар.Өсімдіктердің 256-дан астам түрлері және малдар, аңдар,сүтқоректілер және қос мекенділер өмір сүреді. Теңіздің құрғауына байланысты сирек кездесетін балықтардың түрлері жойылып, жаңа өсімдіктер мен малдар кездесіп жатыр.

Пікірлер (1) Қарау саны: 51698

Одан әрі оқу
Тамғалы -Тас мекені Тамғалы -Тас мекені

Іле өзенінің оң жағасында Тамғалы Тас мекені орналасқан. Бұл жерде құз жартастар мен мұз дәуірінен қалған үлкен домалақ тастарға Будда мен Бұрхандардың суреттері ойылып салынған.Тамғалы Тастағы будда комплексі алғаш рет 19 ғасыр ортасында қазақ зертеушісі Ш.Уәлихановтың назарына түсті.

Пікірлер (1) Қарау саны: 31595

Одан әрі оқу
Бесшатыр сағанасы Бесшатыр сағанасы

Бесшатыр сағанасы (некрополь) Қазақстан аумағында біздің жыл санаумызға дейінгі 1 мыңжылдықта өмір сүрген байырғы сақтардың аса қасиетті жері. Мұнда, көлемі 2 шаршы км болатын алаңда диаметрі 8-ден 70 метрге, биіктігі 2-ден 20 метрге дейін жететін 18 патшалық қорған орналасқан. Патша мазарларының батысына қарай...

Пікірлер (0) Қарау саны: 36849

Одан әрі оқу
Қойлық Қойлық

Қойлық – қарлұқ тайпасының астанасы. Іле алқабындағы, Алматы облысының Сарқан ауданындағы Қойлық ауылының шығыс жақ шетіне орналасқан ең үлкен қала. Уақыты ҮШ-ХІҮ ғасырлармен белгіленген тарихи ескерткіш болып табылады. Осы жерлерде жиырмасыншы ғасырдың аяғынан бері жүргізіліп жатқан қазба жұмыстарының нәтижесінде...

Пікірлер (0) Қарау саны: 27846

Одан әрі оқу
Нәтижелер: 121 - 130 / 319
< Артқа | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | Алға >

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні