Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ХІІ облыстық спартакиада

2011 жылғы 7- 9 желтоқсан аралығында Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ХІІ облыстық спартакиадасының шеңберінде «Империя» бильярд клубында бильярдтан жарыстар өткізіліп, онда Бесқарағай ауданының құрама командасы белсенді қатысты.
Бесқарағай ауданының намысын – Бесқарағай аудандық тұрғын үй -коммуналдық, шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы – Нуржан Оразбекович Ағыбаев, білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Орынбек Балтабекович Болысбеков қорғады.
Бесқарағай ауданының құрама командасы топтық кезеңде Үржар ауданының командасын (13-12), Бородулиха ауданының командасын (16-10) және Абай ауданының командасын (12-10) ұтып, 6 ұпай жинап, финалға шықты. Финал ойындарында ауданның құрама командасы Жарма, Шемонаиха және Глубокое аудандарының командаларымен кездесіп, олардан ұтылып, Шығыс Қазақстан облысының 14 командасы ішінен үшінші орынды иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге сәйкес келетін дипломдар табыс етілді.
Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызметшілері арасында 12-і облыстық спартакиадасындағы спорттың 6 түрі өткізілгенінен кейін ауданымыздың құрама командасы спартакиаданың екінші жолын иеленіп, командамызда 4 жүлделі орын және 123 жиналған ұпай бар.
Алдымызда тағы бір спорттың түрі – Риддер қаласында өткізілетін шаңғы тебу жарысы өткізілетін болады.
Бесқарағайлықтарды жеңіспен құттықтай отырып, келесі жарыстарда жеңіске жетуге тілектеспіз.


 

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні