Қаржы арнайы шотқа аударылуы керек

Облыста су тасқыны басталған 11-14 сәуірде және әлі күнге дейін түрлі жаңа жеке қорлар, қаржылай көмек түсетін есепшоттар ашылуда. Осының бәрі көмекке түскен қаржыны бақылаусыз жұмсауға соқтыруы ықтимал. Осындай жағдайға байланысты облыс әкімдігі материалдық көмек көрсетуге ынталы жандарды қаржыны тек арнайы есепшотқа салуға шақырады. Оның біріншісі БҚО төтенше жағдайлар департаменті жанынан ашылса, екіншісі - «Ақжайық» жеке қоры жанына ашылған есепшот.

Есепшоттардың реквизиттерін БҚО әкімдігінің ресми сайтынан табуға болады. Бұл қорлардағы қаржының жұмсалуын арнайы комиссия қадағалап отыр. Сондай-ақ облыс әкімдігі зардап шеккендерге азық-түлік түрінде гуманитарлық көмек көрсеткісі келетіндерге оны эвабекеттердегі тұрғындардың қолына бермеуді сұрайды. Ондай болмаған жағдайда тексеруден өтпеген азық-түлік жарамсыз немесе дұрыс жағдайда сақталмауы мүмкін. Тез бұзылатын азық-түлік түрлері эвабекеттердегі ұйымдастырушылардың бақылауымен берілуі тиіс. Бұл жұқпалы ішек ауруларының алдын алуға және азық-түлік түрлерін қорықпай пайдалануға кепілдік береді.
 

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні