Шахмат мерекесі !

Ашылу салтанатында болған қонақтар шахмат клубы туралы көп жылы сөздер айтты, олар: Денисов ауданының прокуроры Базарханов Т.Б., аудандық Кеңес ардагерлер басшысы Срымов Т.Б., ауданның шахмат клубының ашылуына өз үлесін қосқандардың бірі – Қоныспаев М.А.
Залда жиналған көрермендерді АМҮ ұжымдары – «Мұрагер» домбырашылар ансамблі, жетекшісі Ш.Сиюбаева, «Қарлығаш» вокалдық тобы және біздің кішкене «Жас қанат» тобы, жетекшісі Қ.Шаймерденова өз өнерлерін көрсетіп, көрерменді қуанышқа бөледі.
Жаңа шахмат клубында бірінші ойынды ойнау құрметі аудан әкімінің орынбасары Мұратбеков Мұрат Тлемісұлына және Денисов ауданының прокуроры Базарханов Талғат Базарханұлына жүктелді. Ойын қорытындысы бойынша достық жеңіске жетті. Осы уақыт арасында көрермендер шахматтық викторина сұрақтарына жауап беріп, өз білімдерін күшейте түсті.
Клубтың салтанатты ашылуына қатысушылардың барлығы шахмат, шашкі, тоғыз-құмалақ ойындары бойынша өз күштерін сынап көрді.
Шахмат мерекесі ойдан шықты! Енді шахмат клубының есігі барлығыңызға айқара ашық.

 

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні