Шымкентке алғашқы қар түсті

Соңғы бір аптада республика кеңістігіндегі ауа-райы күрт өзгеріп, бұл оңтүстікке де әсер етпей қойған жоқ. Қарды көптен күткен шымкенттіктер де мәз-мейрам. Ал, жергілікті ауа-райын болжаушылар жақын күндердегі күн райын көпшілікке жеткізуге асығулы. Облыстық гидрометеорология орталығы метеоболжау бөлімінің бастығы Әсия Қыдырбаеваның мәліметінше, 4 желтоқсанда облыс аумағында қар жауады, тұман түсіп көк тайғақ болуы ықтимал. Ауа температурасы жақын апталарда түнде суық 13-15 градустан 0-2 градусқа көтеріледі. Күндіз 3-5 градустан 6-8 градус аралығында жылы болады. Облыс аумағында 12-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Десек те, ауа-райының құбылмалылығы тұрғындарға да әсер етпей қоймасы анық. Мұндай жағдайда синоптиктер алдын-ала сақтану шараларын тағайындап қоюдың артық еместігін ескертеді.

 

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні