Бас консул алғыс айтты

Айтулы кештi Польша Республикасының Алматыдағы Бас консулы Веслав Осуховски, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония мен Оңтүстiк Қазақстан саз колледжiнiң ұжымы ұйымдастырды. Бiр қызығы, аншлагпен өткен кешке тараздық өнерсүйер 55 көрермен арнайы келiп қатысты. Ұлы сазгердiң шығармаларын А.Ибраева, И.Куленова, З.Жомартова, А.Комза, К.Исмаилова сияқты өнерпаздар орындады. Өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған сазды кешке риза болған Бас консул Веслав Обуховски облыс әкiмi Асқар Мырзахметовтiң атына арнайы хат жолдап, ризашылығын бiлдiрдi. Онда мынадай жолдар бар: «Биыл дүниежүзi бойынша поляк халқының ұлы композиторы Фредерик Шопеннiң туғанына 200 жыл толуына орай мерейтойы тойланып жатыр. Шопеннiң шығармалары әлемнiң ең озық филармонияларында күйсандықтан шырқалуда. 18 қарашада қазақ және поляк өнерсүйер қауымы Шымкент филармониясына жиналып, естен кетпес ғажап концертке куә болды. Бұл Ф.Шопеннiң композициясын тыңдап, Шымкент өнерпаздарының өнерiн тамашалау кешi ғана емес, поляк-қазақ достық қатынастарын одан әрi дамытудың көрiнiсi болды. Польша Республикасының Бас консулы ретiнде Фредерик Шопен шығармаларының тұсаукесерiн ғажап үндестiкпен өткiзудi ұйымдастырғаныңыз үшiн Сiзге үлкен алғысымды бiлдiремiн. Алдағы уақытта әлi талай мәдени iс-шараларды бiрге өткiземiз деген сенiмдемiн».

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні