Өзінің құттықтау сөзінде облыс әкімі Серік Ахметов аудан облыстың әлеуметтік-экон25 қыркүйекте Қарағанды облысының ең астықты өңірлерінің бірі Осакаров ауданы өзінің 70 жылдық мерейлі мерейтойын атап өтті.

- Аудан, әсіресе, соғыстан кейінгі жылдары қарқынды дамыды. Тың игеру де аудан тарихындағы айрықша кезеңдердің бірі болды. Осы кезеңде ел үшін еселі еңбек жасаған талай тұлғалы азаматтар шықты. Социалистік Еңбек Ерлері Хайролла Байғабылов, Иван Иванович Иванов, Иван Иванович Петров, Александр Никифорович Ткач және Григорий Васильевич Яровой сынды азаматтардың есімдері аудан тарихына алтын әріптермен жазылды, - деді облыс әкімі.
Ауданда барлығы 7 Социалистік Еңбек Ері, 50-ден аса Ленин орденінің иегері, Қазақ ССР-інің Мемлекеттік сыйлығының 1 лауреаты, Ленин комсомолы сыйлығының 1 лауреаты еңбек етті. Жүздеген еңбеккерлері ордендер мен медальдармен марапатталды. Ерекше еңбегі үшін 45 адам «Осакаров ауданының Құрметті азаматы» атағымен марапатталды.
- Қазақстан егемендікке қол жеткізгеннен кейін аудан тарихында жаңа кезең басталды. Ал, бүгінгі күні Осакаров ауданы - ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформаларды табысты жүзеге асырудың нақты көрінісі, - деп қадап айтты Серік Ахметов.
Өзінің мерейтойына аудан экономикада, әлеуметтік салада жақсы көрсеткіштермен келіп отыр.
600-ге тарта ірі құрылымдар мен 9 мыңдай қосымша шаруашылықтары бар экономиканың аграрлық секторы сапалы жаңа деңгейге көтерілді. Жаңа технологияларды, әсіресе ылғал сақтаушы әдісті қолдану ауыл шаруашылығының пәрменділігін және еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Нәтижесінде ағымдағы жылдың тек 8 айының ішінде жалпы сомасы 8 млрд. теңгеге өнім өндірілді.
Өнеркәсіп те одан әрі өркендей түсті. Аудан кәсіпорындары жыл басынан бері 1 млрд. 400 млн. теңгеге өнім өндірген, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 60% артық. «Молодежный» көмір кеніші 4,5 млн. тонна көмір өндірді, бұл өткен жылғы деңгейден 584 мың тоннаға артық.
Кәсіпкерлікті дамыту да басым бағыттардың бірі болып табылады. Шағын және орта бизнес субъектілері 4 млрд. теңге сомаға өнім өндіріп, қызмет түрлерін көрсетті.
Базасын ондаған мектептер мен мәдениет мекемелері құрайтын ауданның мықты білім беру-мәдени әлеуеті бар. Жаңа үйлер, білім беру, денсаулық сақтау мекемелері салынып жатыр. Елді мекендер абаттандырылып, жолдар, алаңдар мен көшелер жөнделуде. «Жол картасы» бағдарламасы табысты жүзеге асырылып келеді.
Серік Ахметов аудан тұрғындарын мерейтоймен құттықтап, береке-бірлік, баянды бақыт және еңбек табыс тіледі.
Мерекелік бағдарламада аудан тарихынан сыр шертетін театрландырылған композиция, қазақстандық эстрада жұлдыздары мен Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестік әншілерінің қатысумен концерт, аламан бәйге, құнан жарыс, аударыспақ, теңге алу, қазақша күрес және басқа да шаралар қарастырылған.
 

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні