Мұражайдағы кездесу

Бұл кездесу ерекше, мұражайға тән емес, басқаша түрде өтті. Оған қаланың жастар қауымы және өздерін жан-жақты дамыған, креативті деп санаған барлық адамдар шақырылды.
Бұл күні мұражайға келушілер жастар шығармашылығының түрлі бағыттарын бірыңғай тұрпатта тамашалауға мүмкіндік алды, яғни рок, реп, бард, брейк-данс, хип-хоп өнерлерін көрді.Сонымен қатар, мұражайға келушілер ушін граффити бойынша мастер-класс өткізілді, «Альбатрос» әскери-патриоттық клубының, «Ренпикан» федерациясының көрсетілімдері ұйымдастырылды. Бұл іс-шаралар мұражайдың ауласында өтті, ал мұражайдың ішінде боди-арт, «Бабочкариум» аттракционы, «Букинист дүкені», «Бейне тарихы» көркем салоны деген іс-шаралар келушілер назарына ұсынылды.Осындай іс-шара келушілер үшін өте ыңғайлы және өте қызықты болып табылды. Себебі, осының барлығын адамдар көріп жүрген шығар, бірақ бөлек-бөлек.Мысалы,рок концерті қалада бөлек отеді, реп концерті - бөлек, бардтар өздерінше фестивальдар ұйымдастырып жүр, спорт көрсетілімдер тіптен басқа салада өтеді.
Ал мұражайдағы кездесуде түрлі-түрлі бағыттар бір жерде біріктірілді.Адамдар қалаған билерді ,әндерді немесе басқа бір қызық нәрсе таңдап ,соларды тамашалады және шаршамай, жалықпай қызықтырған әуестерін ауыстырып жүрді.Осы күні мұражайға келгендер өздерінің жанына жайлы, мінезіне,көңіл-күйіне сай әуес тауып, уақыттарын жақсы және тиімді өткізді. Көшеде жүрген адамдар әдетте тыныш тұратын мұражайда не болып жатыр екен деп, қызығушылық танытып, міндетті түрде оған кіру керек деген шешім қабылдады.
Нәтижесінде осы күні мұражайға келушілердің саны шексіз болды.Ал мұражай өзінің басты міндетін – тарихи құндылықтарды сақтап, оларды жұртшылыққа жеткізуді есте сақтай отырып, сонымен қатар әдеттегідей экскурсиялар, көрмелер, кездесулердің сыртында жаңа түрде іс-шара өткізіп, жастарды тарту арқылы мұражай аудиториясын кеңейте білді.Іс-шараға келген барлық адамдардың пікірінше бұл кездесу қаланың мәдениет өмірінде ерекше құбылыс болып табылды.

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні