Жаңалықтар

Облыста сәуір айындағы су тасқынын зардаптарын жою жұмыстары жалғасуда. Эвабекеттерде баспанасыз қалған тұрғындар тұрып жатыр. Ал зардап шеккендерге гуманитарлық және қаржылай көмек түсуде.
2010 жылдың 9-10 наурыз күндері Орал қаласында, БҚМУ спорт сарайында Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қамеш Исмағұловтың 70-жылдық мерейтойына арналған дзюдо күресінен 23 жасқа дейінгі жастар мен қыздар арасында Батыс Қазақстан облысының ашық чемпионаты оздырылды. Жарысқа Бөрлі, Казталов, Қаратөбе, Тасқала, Теректі, Сырым, және Орал қаласының командалары (МОРБЖМ, Жекпе-жек спорты бойынша МОРБЖМ, пед. колледж, спорт-интернат, БҚМУ), барлығы 80-ге жуық дзюдошы палуандар қатысты. БҚО әкімінің орынбасары С.К.Сүлеймен жарысты ашып, спорт ардагеріне облыс әкімі атынан алғыс хат табыс етіп, шапан жапты. Барлық спорт жанашырлары атынан автокөлік кілті табыс етілді. Бұл жарыс 2010 жылдың 20-23 сәуір күндері Талдықорған қаласында өтетін дзюдо күресінен 23 жасқа дейінгі жастар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатына іріктеу жарысы болып табылады.
2010 жылдың 21-23 қаңтар күндері Орал қаласында БҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен самбо күресінен жасөспірімдер, жастар, әйелдер және ардагерлер арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өткізілді.
Нәтижелер: 1 - 4 / 4
< Артқа | 1 | Алға >

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні