Муражайлар

Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының “Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұра-жайы” ММ.

Қостанай, Алтынсарин көшесі – 115; тел: 50-11-13, факс: 50-10-23; э/п obl_muzey@mail. ru
Директоры: Әкімбаева Үміт Бламбекқызы
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы ғылыми-зерттеу және бос уақытты мәдениетті өткізу мекемесі, аймақтық әдістемелік орталық болып табылады. Мұражайдың Меңдіқара ауданы Боровской кентінде, Жітіқара ауданының Тоқтаров кентіндегі секторымен бірге Жітіқара қаласында филиалдары бар.
Мұражай 1915 жылы 1 тамызда ашылды. Өлкеміздегі революциялық оқиғалар мен азамат соғысының тарихы бойынша қарулар жиынтығы мен фотоқұжаттар қорының негізі 1925 жылы қаланды. 1936 жылдың 1 шілдесінен бастап мұражай облыстық мәртебе алып, экспозициялық-көрмелік жұмыс белсенді жүргізілді. 1930-1940-шы жылдары аймақтағы ғалымдардың, өлкетанушылардың, геологтардың, археологтардың қарқынды жүргізген зерттеулері қор жиынтығының жүйелі қалыптасуына жол ашты.
2006 – 2008 жылдары аймақты археологиялық зерттеу жұмысы жалғастырылды. ХХІ ғасырдың басынан бастап мұражайдың мәдени-ағарту жұмысында жаңа мұражайлық жобалар жасап, балалар және ересектер аудиториясына арналған тұрмыстық мұраның заттық емес түрлері – музыка, поэзия, фольклорға негізделген интерактивті бағдарламалар ұйымдастырылады. Келушінің мұражай кеңістігінде еркіндік пен шығармашылық құқығына ерекше көңіл бөлінеді.
Мұражайдың қазіргі экспозициясының негізгі бөлімдері: «Өлкенің ежелгі тарихы» археология залы, «Өткеннің тылсым тіршілігі» (2008 жылы ашылды) палеонтология залы, «Қостанай облысының табиғат байлықтары», «Туған жер тарихы», «Өлке халықтарының мәдениеті мен тұрмысы», «Қостанай қаласының тарихы», «Қостанай облысының тарихы», «Қостанай облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында» (екі зал), «Қостанай жерінің мақтаныштары» (2008 жылы ашылды) залдары, сонымен қатар мұражайдың көрме залы.

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні