Ұлытауға қалай жетуге болады?

Ұлытау – өзінің бай тарихымен танымал, еліміздегі әйгілі жерлердің бірі. Ежелгі дәуір көріністерін қызықтауға асыққан туристер үшін, келесі ақпараттар маңызды болуы мүмкін.

Астанадан
Астана қаласынан Ұлытауға жету үшін Жезқазған қаласына жету керек. Жезқазғанға ұшақпен, автобуспен, пойызбен жете аласыз. Ұлытау Жезқазғаннан алыс емес, әрі қарай автобуспен немесе автокөлікпен үш сағатта жетуге болады.

Алматыдан
Алматыдан Ұлытауға бару үшін де Жезқазған қаласына жетіп алу керек, ал Жезқазғаннан Ұлытауға дейін жоғарыда көрсетілгендей, автобус немесе автокөлікпен бара аласыз.

Әуе көлігімен
Ұлытауға ұшақпен жету үшін, Жезқазған қаласына билет алуға болады. Билеттер мен авиарейстер туралы ақпаратты осы сайттан біле аласыз.

Пойызбен
Ұлытауға пойызбен бару үшін Жезқазған қаласына дейін билет аласыз. Пойыз билеттерін pcentre.kz сайтынан сатып алуға болады.

Автобуспен
Автобуспен Ұлытауға жету үшін Жезқазған немесе Қарағанды бағытына билет алып, әрі қарай автобусты ауыстырып Ұлытауға жетуге болады. Автобустардың жүру кестесі жайлы ақпаратты автобекеттерден білуге болады.

Автокөлікпен
Автокөлікпен жолға шығу үшін Сізге Қарағанды облысының автокөлік жолдарының картасы қажет болуы мүмкін.

 

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні