Балқашқа жету жолдары

Балқаш қаласының демалыс базалары негізінен қаладан 6-12 км жерде орналасқан Шұбар түбек және Торанғалық кенттерінде орналасқан. Бұларға Балқаш қаласынан оңай жетуге болады. Төменде Балқаш қаласына жету жолдары сипатталған.

Астана қаласынан
Астанадан Балхашқа дейінгі ара қашықтық шамамен 600 шақырым. Астана қаласынан пойызбен, автобуспен, жеке көлікпен немесе Қарағанды қаласы арқылы ұшақпен жетуге болады.

Ұшақпен
Жезқазған Эйр ұшағы Қарағандыдан Балқаш қаласына дейін аптасына үш рет тұрақты түрде ұшып тұрады.

Пойызбен
Пойызбен Балқаш қаласына жету үшін, билеттерді «Балқаш» стансасына дейін іздеу қажет. Билеттерді pcentre.kz сайтынан қарап, сатып ала аласыз. Негізінен Астана, Қарағанды, Жезқазған, Семей қалаларынан тікелей пойыздар бар.

Автобуспен
Автобуспен жетуге бел бусаңыз, автобус маршруттары жайлы ақпаратты автобекеттерден алуға болады. Олардың телефондарын мына сілтемеден көруге болады.

Автокөлікпен
Автокөлікпен жолға шығатын болсаңыз, сізге Ақмола және Алматы облыстарының автокөлік жолдарының картасы қажет болады.
 

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні