Саран қаласы
Саран қаласы облыстық маңызы бар қала болып табылады, Қазақстан Республикасының Қарағанды облысына қарайды, әкімшілігі облыстық орталығына бағынады. Қарағандының оңтүсітк-батысына қарай 25 км жерде орналасқан. Қала 1954 жылы 20 желтоқсанда Қарағанды қаласының бөлігінен құралған. 1961 жылдың аяғында Саран қаласының құрамына Кіші Саран, Дубовка, Байтам, Соқыр, Саран, Ақтас елді мекендері кірді.
Қазіргі кезде қала аумағы 168 шаршы метрді құрайды. Тұрғындар саны 52,9 мың адам. Қала аумағында 74 ұлт өкілдері өмір сүреді. Қала аумағы Орталық Қазақстанның жазық даласында орналасқан.
Пайдалы қазбалары: тас көмір, керамикалық балшық, әк, керамзит балшығы.
Саран қаласының экономикасында индустриалдық мамандандырылған кен өндіру, мұнай химия саласы, құрылыс материалдары, жеңіл өнеркәсіп, тамақ саласы дамыған. Қаланың жетекші өнеркәсіп кәсіпорындарына төмендегілер жатады: «Арселор Миттал Стил Теміртау» АҚ КД, «Саран», Т.Кузембаев атындағы шахталар, «SABURKHAN TECHNOLOGIES» ЖШС, «Саран нан комбинаты» ЖШС, «Технология» ғылыми-өндірістік фирмасы ЖШС, «Қарағандырезинотехника» ЖШС және РТИ заводы базасында құрылған «Саранрезинотехника» ЖШС, «Қазорталықэлектрпровод» ЖШС, «Қазтрансметалл» ЖШС, «Карат» ЖШС. Қала аумағында тарихи және мәдени ескерткіштер орналасқан: Игілік би мазары, Жамбыл Жабаевқа, В.В.Маяковскийге, А.Гайдарға, А.С.Пушкинге арналған ескерткіштер, Жеңіс стелласы орнатылған. Осы ескерткіштер қалаға көркемдік беріп. жарасып тұр. Қала дамып, салынуда және оның тұрғындары Қазақстан Республикасының шағын қалаларының болашағы алда екеніне сенеді.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: