Аңшы құстармен аң аулау
Қарағанды облысының Шет ауданында (аудан орталығы Ақсу-Аюлы) Орталық Қазақстанда аңшы құстар-бүркіт пен сұңқарды ақтылыққа үйрету және оларды көбейтумен айналысатын бірден-бір арнайы шаруашылық бар. Мұнда саятшылыққа бүркітшілік өнеріне, яғни құс салуға үйрететін мектеп ашылған. Осы аңшы құстармен саятшылыққа қажетті қазақтың ұлттық тері бұйымдарын жасауға баулиды.
Қазақтар түлкілер мен қояндарды аулау кәсібіне бүркіт, сұңқарларды ертеде пайдаланған. Жақсы бапталған құстарды қасқырға, жайран киіктерге де салуға болады. Ұядан алынған балапандарды қолға үйрету және аңға түсуге үйрету көп уақытты және жоғары кәсіби мамандықты талап етеді. Бапталған сұңқарлар, қырандар әлемдік нарықта өте жоғары бағаланады.
Қыран бүркітпен және сұңқарлармен саятшылық құру – ертеден келе жатқан төл ұлттық ерекше аңшылық, ол аңшылықты Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің биология факультетінің аңшылыққа құмартып жүрген ғалымдары жан-жақты зерттеу үстінде.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: