Ұлытау

Ұлытау – қазақ халқының тарихи орталығы. Далалық өркениет көне мәдениетінің нақ кіндігі. Ұлытау ауданының аумаы 122,9 мың шаршы км. Халық саны – 15,5 мың адам.
Аудан жерінің 7,6 мың гектарын орман алқаптары алып жатыр. Ұлытау тауларының биктігі 1181 м. Сонымен қоса ауданда балық шаруашылығының су қоймалары бар: Кеңгір суқоймасы (3500 га), Жезді суқоймасы (1750 га), Кинембай су қоймасы (500 га), Жаңғылдыөзек су қоймасы (60 га) және т.б.
Ұлытау ауданы Шығыс пен Еуразия халықтарының тарихымен, мәдениетімен және географиясының орналасу болмысымен танысқылары келетін шетелдік туристер үшін Меккеге айналды деуге болады.
Ұлытауда палеолит пен неолит дәуірлеріне жататын ескерткіштер табылған. Қаракеңгір өзенінің жағасында палеолит дәуірінің Қазақстандағы ең ірі шеберханасы табылған. Ұлытауда Жошы хан мен түркі тілдес тайпалардың негізін қалаушылардың бірі Алаша ханға кесенелер көтерілген. Есімдері Алтай, Орал, Қырым, Солтүстік Кавказ және Өзбекстанның халық ауыз шығармашылығында мәңгілік сақталған Алтын Орданың ханы Тоқтамыс,Ордалық ұлы қолбасшы, әмір Едігеде осында жер қойнауына берілген. Алтыншоқы тауында 1391 жылы Ақсақ Темір тас тақтаға болғаны турасында жазба қалдырған.
Ұлытау арқылы Орта Азиядан Сібірге Ұлы Жібек Жолының Сарыарқадағы ең ірі тармағы «Сарысу» немесе мыс жолы өткен.
Ұлытауды «Таулар, көлдер, бұлақтардың аймағы» деп атайды. Ұлытаудағы бұлақ суының емдік қасиеті татар-моңғолдардың «астанасы» Қарақорымға бет алған орыс және еуропалық емшілерге де мәлім болған.

 

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні