Балқаш көлі және қаласы

 

Балқаш көлін қазақстандықтар Көктеңіз деп атайды, ол қазақ тілінен аударылғанда Голубое море деп аталады. Мыңдаған километрге созылған Балқаш көлі жер бетіндегі ең көне көлдердің бірі болып табылады. Оның көгілдір жағажайы, балыққа толы байлығы, көгілдір түстес керемет суы жақын және алыс шетел туристерін өзіне тартады. Кейінгі жылдары Балқаш көлі бір жарым метрге көтерілді, су экологиялық тазарды, құрып кетуге жақын балықтардың кейбір түрлері қайтадан пайда болды.Балқаштың аумағы 20 мың шаршы метр. Көлдің шығыс жағының тереңдігі 28 метр. Балқаш көлінде балықтың 12 түрі бар, соның ішінде кәсіпшілік түріндегілер де кездеседі. Бұлар жайын, аққайран, сазан, көксерке,вобла, берш. Жағалаудағы аймақта құстың 100 түрі мекен етеді. Көлдің жағалауыңда профилакториялар мен демалыс базалары орналасқан. Демалушыларға қала шетінде 3 жағажай жұмыс жасайды. Балқаш көлінің кереметтігі сонда оның батыс жағындағы су тұщы да, ал шығыс жағындағы су ащы. Балқаш көлі Қарағанды және Алматы облыстарының аумағында орналасқан, Астанадан алыс емес. Еуразияда осыған ұқсас көлдің болмауы пайдалы географиялық жағдайда керемет көлдің гүлденуіне жағдай жасайды. Балқаштағы сүйікті демалыс орындарының бірі болып жылдан жылға көбейіп келе жатқан туристік орталықтар табылады. Атап айтқанда, Тасарал аралы- демалушылар үшін салауатты өмір салты үшін ең әдемі және жайлы жер. Балқаштықтар бұл жерді жер жәннаты деп атайды. Балқаш қаласынан он екі километр жерде орналасқан Қоңырат кен орнын алғаш рет ресей инженер-геологы Михаил Русаков ашты. Балқаш кен металлургия комбинаты өткен ғасырдың 30-шы жылдары рекорды қысқа мерзімде салынған және де екінші дүниежүзілік соғыстың алдында әлемдегі ең таза алғашқы мысты шығарған. Ол сұрапыл Ұлы Отан соғысы жылдарында сұраныста болды. Әрбір екінші оқ балқаш мысынан құйылды. Балқашта желкенді қайықпен жүзу және су спорты, жүзу, байдарка мен каноэда есу, спорттық балық аулау кеңінен дамыған (соның ішінде мұз астынан балық аулау).

 

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні