Қарағанды

Облыс орталығы Қарағанды қаласының аты осы өңірде көп өсетін көктемде жасыл гүлдермен гүлдейтін қараған деген кішкене бұталардың атына байланысты шыққан.
Қарағанды 1934 жылы ақпанда құрылған. Өзінің экономикалық, ғылыми және мәдени әлеуетіне бай, 600 мыңдай адам тұратын Қарағанды Қазақстанда алдынғы орындардың бірінен орын алады.
Космонавтар құрметіне қаланың бір көшесі Юрий Гагарин атындағы алаң деп аталған, «Чайка» және «Космонавт» қонақ үйлері, «Созвездие» люкс-қонақ үйі. «Созвездие» люкс-қонақ үйінде республикалық және халықаралық жарыстар өткізілетін Халықаралық бильярд орталығы орналасқан. Қарағандыда еуропа және шығыс асханасы тағамдарының үлкен таңдаулы түрлері бар мейрамханалар мен кафелерде жоғары деңгейде қызмет көрсетіледі. Туристерге бильярд залдары, «Арман» боулинг-орталығы, көмір департаментінің теннис орталығы, саунамен аквапарк, төбешіктері бар бассейндер және нөмірдегі бильярд залдары қызмет көрсетеді. Жазда аквалэндіде суға түсіп, күнге қыздырынуға болады. Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы этнографиялық бағы, Орталық мәдени және демалыс бағы, Жауынгер-интернационалистерге арналған бақ қала қонақтарын қуанышпен қарсы алады. 2005 жылдан бастап Жеңіс бағы салынуда, онда Ұлы Отан соғысы кезіндегі жерлестеріміз-қарағандылықтардың еңбектегі ерен ерліктері рельефті жарқын түрде көрсетіледі.
Ән сүйер қауымды «Шалқыма» концерт залы қарсы алады, онда классикалық музыкамен атағы шыққан композиторлар, дирижерлар, музыкант-орындаушылар және вокалистер өз өнерлерін көрсетеді. Арт –галереяда, көрме залында, қолөнер мұражайында туристер Қазақстанның қолданбалы-сән өнерінің шеберлері, дарынды суретшілермен және мүсіншілермен танысады. Мұражайдың тарих және табиғат туралы 2 экспозициялық бөлімі 1800 шаршы метр экспозициялық аумақпен 18 залы бар. Орталық Қазақстан аумағында палелоит және неолит дәуірінің коллекцияларынан тұратын 100 түрі бар палеонтологиялық экспонаттар, сондай-ақ біздің дәуірімізге дейінгі 18-15 ғасырлардағы заттар бар. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында уақыт кезеңімен топталып, көне Сарыарқа мәдениеті ерекше дамыған. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы жетпіс жылда қарағандылықтардың өткен үлкен жолының кезеңдері бейнеленетін экспозициялармен тұрақты түрде толықтырылады.
Жылдың қыркүйек айларында Қарағанды облыстық қазақ Сәкен Сейфуллин және орыс Константин Станиславский атындағы драм театрлар, музыкалық комедия академиялық театры өздерінің жаңа театр маусымын ашады. Қарағанды мемлекеттік циркінде, хайуанаттар бағында, «Буратино» қуыршақ театрында, Федровка су қоймасында балалармен демалуға болады. Орталық мәдени және демалыс бағында балалар темір жолы жұмыс істейді.
Қарағанды-университеттер қаласы.1972 жылы Қазақстандағы екінші университет Қарағанды мемлекеттік университеті ашылды, оған университеттің алғашқы ректоры академик, профеесор, ғылым докторы Евней Арыстанұлы Бөкетов аты берілді. Ол классикалық университет, онда 14 факультет бар, осы факультеттердің 12 академиялық корпусында 20 мыңнан астам студент білім алады. Сондай-ақ қыздар мен жігіттер жоғары кәсіптік білімді Қарағанды техникалық және экономикалық университеттерден, медициналық академиядан және Қазақстан Республикасының ІІМ заң институтынан алады. Қазақстан көп ұлтты және тәуелсіз мемлекет. Қарағандыда мұсылмандар, католиктер, православиялық христиандар, лютерандар және діни конфессияға және деноминацияға сенетіндер бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатыр. Еуразиялық стандартқа сай жаңа мұсылман мешітінде, Свято-Введен православиялық шіркеуде, әулие Иосиф католик шіркеуінде және басқа да діни ғимараттарда діни қызметтер жүргізіледі.

 

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні