Қарағанды облысы

 

Қарағанды облысы Еуразияның дәл орталығында орналасқан және 428 мың шаршы километрді алып жатыр. Ол 1932 жылғы наурызда құрылған. Оны Сары-Арқа деп атайды, себебі көктемде дала алтын сары түске оранады.
      Қарағандыда 100-ден астам ұлт өкілдері өмір сүріп жатыр.
Сары-Арқа төсінде арқарлар, жайран киіктер, ақбөкендер, қыран бүркіт, сұңқарлар, қасқырлар мен түлкілер тәрізді ғажап аң-құстар өмір сүреді.
      Облыста 200-ден астам ірілі-уақты өзендер, олардың ең ірісі Сарысу мен Нұра болып табылады.
       Өзен мен көлдерде, шортан, алабұға, сазан, көксерке, тыран және т.б. балықтар ойнақтап жүреді. Балқаш көлінің өзінде балықтың 20 түрі бар болса, оның алтауы Қазақстандағы тек үлкен көлдерге ғана тән – Іле және Балқаш көкбас балығы, Балқаш алабұғасы, ала және біртүсті салпы ерін балық пен сида балық мекен етеді.
      Орталық Азиядан Ұлытауды басып өтетін Ұлы Жібек жолының бөлігін «Сарысулық» немесе «мыс» жолы деп атаған. Оның белгісі ретінде сақталып қалған керуен-сарайларын, қоршаумен бекітілген қоныстар, феодалдық қамалдар мен қарауыл мұнараларын әлі кездестіреміз. Осы керуен жолының басып өтуіне байланысты өркениет, қолөнер және сауда етек жайды. Ғалым археологтардың қазбалары осыны дәлелдеп келеді.
      Облысымыз ХХ ғасырдың 30-40-шы жылдары Сталин репрессиясына ұшыраған халықтардың жер аударылған орны болды. Қиыр Шығыстан кәріс этносы жер аударса, Повольжьядан немістер, батыстан украиндар мен беларустар, поляктар, литвалықтар, шешендер, ингуштар елдерінен қуылып келген. Осында өкінішке орай, әйгілі Қарлаг орналасқан. Бұнда Сталиннің қолшоқпарлары жанқинарлық жұмыстарға салып, ғалымдарды, дін қызметкерлерін, жұмыскер шаруаларды, қазақтар мен Құдайға сенетіндерді «түзету» тезіне аяушылықсыз салып бақты.
      Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Спасск елді мекенінде, герман, жапон, итальян және румындардың соғыс тұтқындарына арналған концлагер орналастырылды. Қазір Спасскіде сталиндік озбырлықтың құрбандарының Рухына арналған мемориал ашылды.
      Қарағанды облысының географиялық орналасуының өзі оның Қазақстанның индустриалдық орталыққа айналуына мүмкіндік туғызып отыр. Қарағанды теміржол байланысы Балқаш пен Жезқазғанға, сол сияқты Ресей Федерациясының, Украина, Қырғызстан және Өзбекстан қалаларымен қатынасуына жағдай жасап отыр. «Сарыарқа» халықаралық әуежайы Ресейге, Германияға, Түркияға, Біріккен Араб Әмірлігіне және басқа елдерге тікелей сапарды іске асырады. Қарағанды облысы арқылы Алматыны Қазақстанның астанасы – Астанамен жалғайтын автомобиль жолы өтеді. ҚХР, Германия, Қырғызстанға, Польшаға, ресей қалалары – Москва, Омбы, Новосибирск, Екатеринбург, Сочи және басқаларға халықаралық автобус маршруттары жүреді.
      Мәдени демалысты, экскурсияны ұйымдастыру қызметі облыстың 70-тен астам туристік фирмаларын ұсынады. Қарқаралы ауданындағы «Шахтер», «Сосновый бор», «Тасбұлақ» демалыс үйлерінде, Балқаш көліндегі «Жартас», «Жосалы» санаторилерінде, «Тұлпар» спорт кешенінде кез-келген қонақтың мүмкіндігіне шамаланған демалу, емделу ұсынылады. Облыста 3 тау шаңғылық кешен бар: Қарқаралы тау орманды оазисінде, Теміртауда – Жауыртау тауының баурайында, Қарағандының Оңтүстік Шығысында - Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің спорт-сауықтыру кешенінің инфрақұрылымында.
      Сарыарқа алыс және жақын шетелдердің туристеріне нағыз қазақстандық қонақжайлылық көрсетуге әрдайым дайын.

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні