Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысы 1932 жылы 10 наурызда құрылды (1962 жылдан 1992 жылға дейін – Орал облысы), Қазақстан Республикасының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан және республиканың орталық және оңтүстік облыстарына және Орта Азия мемлекеттеріне кіретін қақпа болып табылады. Облыс Ресей Федерациясының бес облысымен шекаралас, ұзындығы 1532 км сыртқы шекарасы бар. Республика ішінде облыс Ақтөбе және Атырау облыстарымен көршілес. Облыс аумағы 151,3 мың шаршы шақырым, бұл республика аумағының 5,6 пайызы. Облыс әкімшілік жағынан 12 ауылдық аудандарға және Орал қаласына бөлінген, 2 қала бар: облыстық орталық – Орал қаласы, негізі 1613 жылы қаланды және Бөрлі ауданының орталығы – Ақсай қаласы, мұңайшылар қаласы, негізі 1936 жылы қаланды, 4 жұмыс ауылы, 155 ауылы және ауылдық округтер, 512-елді мекен бар. Облыстың Евразия ортасында ерекше географиялық орналасуы, Шығыс және Батыс Европаның ірі экономикалық және мәдени орталықтарымен жақындығы, Жайық өзенінің Каспий бассейні елдеріне шығу үшін пайдалануы оның барлық Қазақстан Республикасы үшін стратегиялық маңызын анықтайды. Облыс аумағының рельфі негізінен солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа төмендейтін, ірі бес геоморфологиялық аудандарға бөлінген тегіс аумақты құрайды. Облыстың топырақты қабаты әр түрлі: күрең қоңырдан ақшыл-қоңырға дейін топырақ. Облыс климаты солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа өсетін, жоғарғы континенталдығымен ерекшеленеді. Жоғарғы континенталдық күн мен түннің, қыс пен жаздың температуралық алмасуында, қыстан жазға тез аусуында көрінеді. Жылдық ылғал түсімі облыстың солтүстік – шығысында 300 мм-ден оңтүстігінде 190 мм-ге дейін болады. Жылдың жылы уақытында 90-135 мм ылғал түседі және олардың түсімі жыл бойы бір деңгейде емес. Ең салқын ай қаңтар болып табылады, температура солтүстікте -18 градустан оңтүстікте -11,13 градусқа дейін. Ең жылы ай – шілденің температурасы22-25 градусты құрайды. Облыстың аумағында газдың және газдық конденсаттың, мұңайдың, боратты қазбалардың, жанғыш сланцтардың, калий-магний тұздары, цемент шикізатының, керамзит батпағының, құрылыс және аллювиалдік құм кеніштері бар. Бұл қорлар оларды өнеркәсіптік өңгеуге және ұзақ мерзімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні