Сарысу ауданы
Аудан облыстың батысында орналасқан. Аумағы 31,4 мың шаршы шақырым. Халық саны 44,1 мың адам. Әкімшілік орталығы Жаңатас қаласы Тараз қаласынан 175 шақырым жерде. Іргетасы 1964 жылы қаланған. Облыс орталығының солтүстік-батысында орналасқан Сарысу ауданында 47 ескерткіш бар. Оның 37-сі археологияға, 6-уы тарихқа, 2-уі сәулетке және 2-уі монументалды өнерге тиесілі. Археология ескерткіштері негізінен Қаратау тауының жотасы мен Шу өңірінде орналасқан. Бұлардың көбін, 27-ін біздің арамызға дейінгі 1 -3 ғ.ғ. қорғандар мен бейіттер құрайды. Бұдан кейін 7-12 ғ.ғ. соғылған үш қала бар, ең ірісі - Саудакент, Ақтөбе қонысы (6-7 ғ.ғ.). Бұдан кейін Көк-Кесене, Төрткул бекіністері (11 -14 ғ.ғ.), Қамал-Арық ортағасырлық каналы (13-14 ғ.ғ.) және тағы басқалар келеді. Шокай датқа кесенесі мен Ынталы үңгірі келушілердің қызығушылығын тудырмай қоймайды.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
Қонақ үй броньдау