Жамбыл облысының Шу ауданы
Шу ауданы облыстың оңтүстік-шығысында орналасқан. Аумағы 12 мың шаршы шакырым. Халык саны 94,3 мың адам. Әкімшілік орталығы Төле би ауылы. Ауданда аудандық мәндегі (мәні бар) Шу қаласы бар. Ол Тараз қаласынан 260 шақырым, ал аудан орталығынан 8 шақырым жерде. Шу ауданында бүгінгі күні 88 ескерткіш белгілі. Оның 68-і археологиялық, 18-і тарихи, 1-уі сәулет және 1-уі монументалды өнердікі. Археология ескерткіштерінің ішінде 3-уі қола дәуіріне жатады. Бұлар мыс өндірумен тығыз байланысты. Бейнелер салынған тастар учаскелері, ескерткіштердің басым бөлігі; ерте темір ғасырындағы 60 қорған (қорым) мен бейіт Кіндіктас пен Айтау тауларының төскейінде шоғырланған. Орта ғасырдың ең ірі деген қалалары Шу өңірінің бойында орналасқан. Олар: Ақтөбе, Степнинское, Аксутөбе, Октябрь, Тастұмсық және тағы басқалары. Тарихтар қойнауынан сыр тартатын өндірістік қызметтегі Тасөткел су тоспасы, эскери тарихтан 6 ескерткіш, мәдениет қайраткерлерінің атымен аталатын 2 ескерткіш, монументалды өнер туындысынан Төле бидің ескерткіші және сәулет ескерткіші Айдың кесенелері мән бере карауға әбден лайык. Ең көп зерттеулердің нысаны болған "Жайсаң" әулиелі жерін атап өтуге болады.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
Қонақ үй броньдау