Жамбыл облысындағы туристік бағыттағы тартымды жерлері
Тартымды климаты, таза ауа, аса бай табиғи ландшафты және биологиялық сан түрлі бағалы, сирек, эндемикалық, ерекше өсімдік, хайуанаттар әлемі, ғылыми, экономикалық және табиғи туризм үшін тартымды аумағы.
Облыс өзінің ерекше, сан түрлі табиғи жануарлар мен өсімдік әлемімен ерекшеленеді. Мұнда Қызыл кітапқа енгізілген ерекше бағалы 50 өсімдік түрімен қатар барлығы 3 мыңнан аса өсімдік түрі бар. Облыста 158-ден аса тағы жануарлар өмір сүреді. Далалы аймақтарда құм тышқандары, қоян, жайран, елік, бөкен, тауларда тау ешкілері мен арқарлар, аю, қар барысы, қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, т.б. бар. Әнші көкқұсты қоса есептегенде 260-тан аса кұс түрі мекендейді. Жалпы аңшьшық алқабы 13,9 мың гектарды алып жатыр, оларда 40-тан аса хайуанаттар өмір сүреді. Балық шаруашылығы қоры 28 мың гектар, ол балық шаруашылығына жарамды 59 су көзінен тұрады.
Жамбыл облысының бәсекелестік артықшылығы ерекше, мәдениеті (тарихи туризм), көрікті тағы табиғатынын молдығы (экологиялық туризм: шатқалдарға, құм асуларына) автобус-жаяу туристік бағыт жасалды, альпинистік өрлеу биік таулардағы асулар мен мұздақтарға шығу тағы бар.
Аймақта батпақпен және минералды сулармен емдейтін тамаша емдік қасиеттері бар 4 санаторийлік-курорттық сауықтыру орны жұмыс істейді, ыңғайлы қонақ үйілік, мәдени-көңіл көтеру мекемелері, "Әулие-Ата" әуежайы бар.
Біздің аймағымыздағы маршруттар мен әсем жерлерге туристік саяхат жасауға ниет білдірушілер үшін саяхат ұйымдастыруға мүмкіндігі бар 14 туристік фирманың мемлекеттік лицензияға ие. Жамбыл облысында мына төмендегідей туризмді кеңінен таратуға мүмкіндік бар; экологиялык, ат, жаяу түйе саяхаты, суда жүзу, ауа шарында көтерілу, фотоаңшылық және т.б.
Облыстың ежелгі Жібек жолында: Сайрам - Тараз - Ақшолақ - Ақыртөбе - Құлан - Меркі - Шу - Аспара - Қордай жолында екеніне байланысты бай тарихы бар, тарихи ескерткіштері көп, олардың ішінде "Айша бибі", "Бабажы қатын", "Қарахан" мен "Дәуітбек", "Ақыртас" жұмбақ қалашығы, саяхатшылық пен балық аулайтын тамаша ландшафына коса ішкі және сыртқы туризмді дамытуға әсер береді.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: