Қысқа мәдени - тарихи шолу
Жамбыл облысының аумағында тас ғасырынан, полеолит дэуірінен бері адамдар өмір сүріп келеді. Бұл жерде андрон мәдениеті мен ұзақ ғасырлар бойы бір-бірін алмастырған сақтардың, үйсіндер және қаңлылар және басқалардың мәдениеттері қалыптасты.
Мұнымен қатар өңірдің тарихы мен мәдениеті тамыр жайған Тараз қаласын басып өтетін Ұлы Жібек жолы, жэне сол кездің Қытай, Үндістан, Византия, Парсы, Батые Еуропа және ежелгі Русь сияқты ірі елдермен саяси-экономикалық байланыстары өңірдің қарыштап дамуына қолайлы жағдай туғызды. Шу, Талас, Аса өзендерін кесіп өтетін бүл өңірде іргетасы шартты түрде біздің эрамызға дейінгі 586 жылы қаланды деп есептелінетін ежелгі Талас қаласының пайда болуына ықпал еткен қоңыржай климат, қуларлы топырақ, бай жайылым оны ары қарай өсіп-өркендетті. Қытай саяхатшысы Сюань-Цзяньнің деректеріне қарағанда 630 жылы өзінің көлемі жағынан замандастары Самарқанд, Шашу (Ташкент) қалаларынан кем түспесе, Исфиджаб, Қасан және басқа қалалардан асып түскен. Бұл жерде эр елден келген көпестер тауарларын саудалайтын. Өзінің ең гүлденген сәтінде 11-12 ғасырларда жеткен қаланың қыштан жасалған кұбырлар пайдаланылған жерасты су желісі, тас төселген көшелер мен аяқжолдар канализациялық коллектор мен күйген кірпіштен көпкүмбезді ғимарат ретінде соғылған моншасы болған. 1220 жылы Орта Азияның түгелге дерлігін жэне қазақ елінің едәуір жерін жаулап алған моңғол шапқыншылары ақырына дейін қарсылық көрсетіп бақкан Тараз қаласын тып-типыл ғып тастады. Бұдан кейін Тараз өзінің мәні мен мәртебесін жоғалтып алды. Бұл аймақта толассыз жүрген өзара соғыстар, Батыс Еуропа мен Үндістанға ашылған теңіз жолы арқылы Ұлы Жібек жолымен сауда-саттықтың тоқтауына және бұның бойында жатқан қалалардың тоқырауына әкеп соқты. Тарихта ірі оқиға ретінде Тараз туралы 1513 жылы оған Қасым ханның жорығы кезінде айтылады. Нәтижесінде, бір замандары атағы шыққан қала 15 ғасырдың басында Қазақ хандығына қосылғанжай қоныстардың біріне айналды. Археологиялық қазбалардың материалдары, мазарлар мен тастардағы бейнелер ортағасырлық Тараз бен ең ежелгі қазақтарды біріктіретін мэдени байланыстар болғанын айғақтайды. Ұзақ жылғы археологиялық, тарихи-сәулет зерттеулерінің нәтижесінде табылған ескерткіштер облыстың тарихи-мәдени мұрасының кұнды қоры болып табылады. 19 ғасырдың басында бұл аймақта шекара мен керуен, жолдарын күзету үшін бірқатар қамалдар салынды. Осылай ежелгі Тараздың үйінділерінің орнында орналасқан жері тиімді болғаннан кейін тез дамуға бет алған қамал бой көтерді. Уақыт өте қалаға айналған қамалдың аты Наманган-Коче болды. 1856 жылы ол "Әулиеата" болып өзгертілді. Бұл атын ол, Қарахан батырдың құрметіне алды. Әулиеата өзінің сыртқы келбеті мен жоспарлануы басқа ортаазиялық қалалардан ерекшеленген жоқ. Орталығында көптеген сауда орындары мен колөнершілері орналасқан қалада 2-3 мың тұрғын болды.
Кеңес Өкіметі өзі үстемдік құрған алғашқы күнінен бастап, бүрынғы тәртіпті түбегейлі өзгертіп, жергілікті билікті нығайтуға кірісіп кетті. Осының айғағындай, 1936 жылдың 10 қаңтарында Әулиеата Қазақ компартиясының бірінші хатшысы Мирзоянның кұрметіне Мирзоян деп аталды. Ал, 1937 жылы 5 маусымда қала аты Жамбыл тауларында дүниеге келген қазақтың белгілі ақыны Жамбыл Жабаевтың атымен аталды. Қалаға оның тарихи атауы 1997 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен| қайтарылып, Жамбыл қаласы Тараз боп өзгертілді. Талас... Тараз... Әулиеата... Мирзоян... Жамбыл... Тараз. Осылай ғасырлар бойына атауы сан өзгертілген қаланың тағдыры оңай болмаған.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: