Өскемен қаласының эмблемасы
2005 жылдың 27 тамызында Өскемен қаласы мәслихатының 15-інші сессиясы қаланың Жарғысын, әнұранын, туын, елтаңбасын бекітті. Елтаңбаның үздік жобасы бойынша байқау Өскемен қаласының әкімі Александр Быстровтың бастамасымен өткізілді. Оның нәтижесінде бұрынғы елтаңбаны қалдыру жөнінде шешім қабылданды. Өскемен қаласының елтаңбасының сипаттамасы: «Елтаңбаның негізінде классикалық қалыптағы қалқан. Қалқанда арасында Ертіс пен Үлбінің жасыл жиекті жағалары бар таудың бастары бейнеленген. Елтаңбаның жоғарғы жағында қаланың атауы, төменгі жағында бекініс қаланған жыл жазылған лентамен оралған күзет мұнарасының суреті. Елтаңбаның сары түсі – байлық пен күшті, көк түсі – құдіреттілік пен сұлулықты білдіреді. Жасыл түс – табиғат байлығы. Елтаңбаның енінің биіктігіне қатысы 4:3»
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: