Бұқтырмаға қалай жетуге болады

Бұқтырма – ШҚО-да орналасқан су қоймасы, су көлемі жағынан әлемде төртінші орын алады. Жыл сайын көптеген туристердің асыға келетін демалыс аймағы. Бұқтырманың демалыс базалары Өскемен қаласынан 80-150 км жерде, су қоймасының оң жақ және сол жақ жағалауларында орналасқан.

Астанадан

Астана қаласынан Бұқтырмаға жету үшін Өскемен қаласы арқылы бара аласыз. Өскеменге пойыз, ұшақ, автобус немесе жеңіл автокөлікпен баруға болады. Ары қарай Жаңа Бұқтырмаға дейін автобустар, такси және пойыздар жүреді.

Алматыдан

Алматы қаласынан Бұқтырмаға жету үшін Өскемен қаласы арқылы бара аласыз. Өскеменге пойыз, ұшақ, автобус немесе жеңіл автокөлікпен баруға болады. Әрі қарай, Өскеменнен Бұқтырмаға жету жолы төменде көрсетілген.

Өскеменнен

Өскеменнен Жаңа Бұқтырмаға дейін автобустар, такси және «Защита-Зыряновск» бағытымен «Жаңа Бұқтырма» станциясына пойызбен жете аласыз. Бұл пойыз аптасына үш-төрт рет жүреді. Нақты ақпаратты Защита станциясына хабарласу арқылы біле аласыз (+7 (7232) 50-27-37). Жаңа Бұқтырмадан такси алып кез келген демалыс базасына дерлік баруға болады.


Әуе көлігімен

Авиакомпаниялар Өскемен бағытында көптеген авиарейстер ұсынады. Әрі қарай жоғарыда көрсетілгендей, пойызбен немесе автобуспен жетуге болады.

Пойызбен

Пойызбен жету үшін Өскеменге дейін билет аласыз, әрі қарай «Защита-Зыряновск» бағытымен «Жаңа Бұқтырма» станциясына жетуге болады. Бұл пойыз аптасына үш-төрт рет жүреді. Нақты ақпаратты Защита станциясына хабарласу арқылы біле аласыз (+7 (7232) 50-27-37). Бұл жерден такси алып кез келген демалыс базасына дерлік баруға болады.

Автобуспен

Автобуспен жету үшін Өскемен бағытына билет алу керек. Ары қарай Жаңа Бұқтырмаға күн сайын автобус рейстері бар. Бұл жерден такси алып кез келген демалыс базасына дерлік баруға болады.

Автокөлікпен

Автокөлікпен саяхаттайтын болсаңыз, ШҚО автожолдарының картасы қаажет болуы мүмкін.
 

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні