Катон-қарағайға қалай жетуге болады
Катон-қарағай – Ресей, Қытай және Монғолия елдерімен шектесіп жатқан құрамына Катон-қарағай Ұльттық табиғи саябағы мен Марқакөл қорығы кіретін табиғаты ерекше жаратылған туристік аймақ. Катон-қарағай туристік аймағына баратын ойыңыз болса, келесі ақпарат сіздер үшін:
Астанадан
Астанадан Катон-Қарағайға Өскемен қаласы арқылы бара аласыз. Ол үшін «Эйр Астана» немесе «SCAT» авиакомпаниясының қызметтерін пайдаланып, немесе пойызбен Өскемен қаласына жетуге болады. Әрі қарай 500 шақырым автобус немесе жеңіл автокөлікпен өтесіз. Өскеменнен Катон-Қарағайға дейінгі жол ұзақтығы 9 сағат.
Алматыдан
Алматы қаласынан Өскеменге дейін әуе компанияларының қызметтерін пайдалана аласыз. Әрі қарай Катон-Қарағайға дейін жоғарыда көрсетілгендей, 500 шақырым автобус немесе жеңіл автокөлікпен өтесіз. Жол ұзақтығы 9 сағат. Алматыдан Өскеменге дейінгі пойыз жолы 24 сағатқа созылады.
Әуе көлігі
Катон-қарағайға қарай ұшақпен бару үшін, Өскемен қаласына дейін ұшып, әрі қарай автобус немесе жеңіл көлікпен жете аласыз.
Пойызбен
Катон-қарағайға пойызбен жету үшін Өскемен бағытына темір жол билеттерін аласыз (Защита немесе Өскемен теміржол станциялары). Pcentre.kz сайтынан пойыздардың жүру кестесін тексеріп, билет сатып алуыңызға болады. Әрі қарай, Өскеменнен Катон-Қарағайға дейін жоғарыда көрсетілгендей, автоус немесе автокөлік арқылы жете аласыз.
Автобуспен
Катон-қарағайға тікелей автобус рейстері жоқ, сондықтан автобус билеттерін Өскемен қаласына дейін алып, Катон-қарағайға дейін басқа автобусқа отыруға болады. Автобустардың жүру кестесін автобекеттерге хабарласу арқылы білуге болады.
Автокөлікпен
Катон-қарағайға жеке көлікпен шығатын болсаңыз ШҚО көлік жолдары картасы қажет болады.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: