тарихи анықтама

Шығыс Қазақстан – Оңтүстік Сібір мен Алтайды Жетісумен және Орта Азиямен байланыстырып жатқан аумақ. Өзінің ыңғайлы жағрапиялық орнының арқасында ол барлық заманда да Батыс Азияның белдеуіндегі дала халықтары мен тайпаларының тарихи дамуында маңызды рөл атқарған. Археологиялық зерттеулерге сенсек, бұл өлкеде ежелден бері адамдар қоныстанған. Бұған - Тарбағатай мен Сауырдың беткейлері мен Зайсан шұңқырындағы, Алтай тауларындағы бүгінге дейін сақталған ежелгі тау әзірлемелерінің іздері, суару арналары, көптеген құрылыстың қалдықтары куә. Ертістің жоғарғы жағында адам алғаш рет мұз кезеңінде (орта палеолит) пайда болған, олар оңтүстік жақтан келген деген болжам бар. Олар бизон, мүйізтұмсық, мамонттарды аулайтын неандерталдықтардың шағын тобы болған. Неолит дәуіріндегі ежелгі аңшылардың тұрақтарының іздері Семей құм төбелерінде, Усть-нарын мен Зырян аудандарында табылған. Ертістің жоғарғы жағында қола дәуірінде өмір сүрген андрондық тайпалары үшін металлургия мен тау ісі ең маңызды кәсіп болған. Олар жылына он тоннадан кем емес дайын қола тауып отырған. Осы мардымсыз санның өзі-ақ Шығыс Еуропа мен Солтүстік Азияда Шығыс Қазақстанды ірі металлургиялық орталықтардың қатарына кіргізді. Біздің жыл санауымызға дейінгі 8-інші ғасырда өлкені қоныстанған тайпалардың өмірінде маңызды шаруашылық төңкеріс болды. Ол – көшпенді өмірге ауысу еді. Құдіретті сақтар мен аримас тайпаларынан тұратын ерте кездегі көшпенділердің дәуірі сол кеден бастау алады. Біздің жыл санауымыздың алғашқы ғасырларында көшпелі әлемде тіпті 20 ғасырларға дейін көшпенділерді билеп келе жатқан патриархалды-феодалдық қарым-қатынас қалыптаса бастады. Ертістің жағалауларында 9- 13 ғасырларда қимақтардың қалалары мен бекіністері, наймандардың тұрақтары жайғасқан еді. Қимақтардың ең ірі қалаларының бірі – Имақ қаласы болды. Бұл тайпалардың материалдық мәдениетінің дамуына негізгі жолдан Семей даласы мен Тарбағатай, Зайсан, Алтай өңірлеріне жолдары тоғысатын Ұлы Жібек жолы зор ықпал етті.
15 ғасырда қазіргі Қазақстан жер аумағын мекендеген үш жүзден (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз) тұратын қазақтардың тайпалары мен рулары Қазақ хандығына бірікті. Шығыс Қазақстанда қоныстанған ( қыпшақтар мен наймандар) Орта жүзді құрайтын қазақ руларының құрамына кірді.
18 ғасырдың бірінші жартысы қазақ халқының тарихында жұт жылдары ретінде кірді. Қазақ жерлері жоңғар шапқыншылығының астында қалды. Жоңғар шапқыншыларына қарсы қазақтармен бірге орыстар да шайқасты. 17 ғасырдың аяғында Ресей мемлекетінің оңтүстік-шығыс шекарасы қазақ жерімен тығыз шектесіп жатты. Ресейдің экономикалық және саяси мүдделері Орта Азия және Қазақстанмен байланысты кеңейтуді және нығайтуды көздеді. Сонымен, Ертістің бойымен алғашқы орыс экспедициялары саяхатқа шықты. Өздерінің жылжу бағыты бойынша орыстар Ертіс бойында құрылыс жұмыстарын форпост пен казак бекіністері түрінде сала бастайды. Бұл қорғаныс құрылыстары қазақ-орыс қарым қатынастарының дамуында, Орта жүз қазақтарының жоңғар шапқыншылығынан қорғануы мен өлкенің Ресейге қосылуында үлкен рөл атқарды. 1718 жылы қираған жоңғар шіркеу бекінісінің жанында бояр ұлы Василий Чередовой Семипалатная ( қазіргі Семей қаласы) бекінісінің іргетасын қалады.
1720 жылы орыс патшасы І Петрдің елшісі лейб-гвардия майоры Иван Лихарев Усть-Каменная ( қазіргі Өскемен қаласы) бекінісінің негізін қалады. Семейдің де, Өскеменнің де көптеген жылдар бойы саудалық маңызы болды. Бұл жерлерде Ресейден Орта Азияға, Монғолиядан Қытайға керуен жолдары тоғысатын.
Аймақтың бірінші отаршылары Ресейге жаңа жер аумақтарын өздерінің қатысуымен қосып беріп отырған сібір казактары болды. Алайда, олар аймақты шаруашылық жағынан игеру міндеттерін шеше алмады. Бұл шаруалар жаппай отарлау арқылы ғана жүзеге асатын еді. 1760-1762 жылдардағы Ресей Сенатының Жарлығы негізінде Кенді Алтайға Ресей губерниясының тілек білдірген қоныс аударушы шаруларынан басқа крепостнойлар, қара жұмысқа кесілгендер, орыс жікшілдері айдауға жіберілді. Алайда, жаппай қоныс аудару 19 ғасырдың аяғында Ұлы Сібір теміржол магистралі салынып болғаннан кейін ғана басталды. Бұл орайда қоныс аударушылардың көбі Ертістің даласы мен оң жағындағы арнасы бойындағы Белағаш даласында тұрақтап қалды. 20 ғасырдың басында Ертістің сол жақ жағалауы, Тарбағатай мен Қалба тауларының жоталарының басым бөлігінде қоныстану басталады. Шаруаларды отарлау Оңтүстік Алтайдың жетуге қиын жерлері мен тар соқпақты шөл аймақтарын аз қамтыды. 19-20 ғасырларда негізгі халықтың отырықшы өмірге біртіндеп көшуіне байланысты таза қазақ поселоктері пайда бола бастайды. Ең бай аймақтар болып Кенді Алтайдың оңтүстік болыстықтары саналды. Мұнда жер өңдеу, малшылық, омарташылық және басқа да аңшылық, балық аулау кәсіптері жақсы дамыған еді. Бұқтырма болыстығында маралдарды өсіретін. Алтайдың жер қойнауының таңғажайып байлығы тау-кен өндірісінің жылдам дамуына әсер етті. 18-ғасырда ең әйгілі полиметалл кен орындары: Зырянда (1791 ж.), Риддерде (1786 ж.), сондай-ақ, Белоусовка, Крюковский, Таловский, Глубокий т.б жерлерде ашылды. 19-ғасырда Ертістің жанында алтын өндірісі қарқынды дами бастайды. Жер қойнауы, ландшафт, өсімдік пен жануарлар әлемінің алуантүрлілігі мен байлығы соңғы үш жүз жыл бойы көптеген орыс және шетелдік ғалым-зерттеушілерінің назарын өзіне аударып келеді. Біздің аймақта ұлы орыс саяхатшылары: П. Семенов-Тянь-Шанский, Н. Пржевальский, Г. Потанин, В. Сапожников, А. Обручев, П. Чихаев, Г. Щуровский, А. Гумбольт; әйгілі 6 томды «Жануарлар өмірі» энциклопедиясының авторы А. Брем және неміс ғалымы Отто Финш, американ тілшісі Д. Кеннандар ғылыми экспедицияларымен болған. Г. Спасский, Н. Ядринцев, Н. Коншиндер - біздің аумақ халықтарының тарихы мен өлкетануының ірі зерттеушілері. 1917 жылдың революциясына дейін аумағымыздың қалалары мен ауылдары аз халықты еді, әрі елеусіз болды. Шығыс Қазақстан Ресей патшасының сот үкімі бойынша революционер-демократтар мен декабристерді мекендеуге жіберген саяси жер аударудың орны болды. Бұл аумақ көптеген адамдардың екінші отанына айналды. Олардың ішінде: Өскемен қаласының бірінші мэрі – О. Костюрин, Семей облыстық статстика комитетінің хатшысы – Н. Коншин, қазақтың ойшыл-ақыны ұлы Абайдың досы мен ұстазы, геоморфология, геология, Алтай мұздықтарын зертеуші Е. Михаэлис және т.б. бар. 20-ғасыр тарихы КСРО мен Ресейдің тарихымен тығыз байланысты. Шығыс Қазақстан 1905-1907ж-р, 1917ж революцияларын, азаматтық соғыс, 30-50 ж-р сталиндік репрессиясын басынан өткізді. Бұрынғы КСРО республикаларымен бірге екінші бүкіләлемдік соғыстың майданында шайқасты. Соғыс жылдары майданға қорғасын, мыс, қалайы, кадмий, металдың қару-жарақ пен оқ-дәрілерге қажетті көптеген түрлерін беріп отырды. Түсті металдарды өндіру бұл жылдары облысымызда 2,5 есе өсті. 1947 жылы ядерлік сынақ полигонын салуға жер іздеу кезінде таңдау Семей қаласының маңындағы қазақ даласына түсті. Себебі: кең дала, тұрғылықты халықтың аздығы, орталықтан алшақ болуы, сондай-ақ жанында кемері толық Ертіс өзені бар, темір жол және автомобиль жолдары, әуежайдың болуы өте қолайлы еді.1949 жыл мен 1989 жыл аралықтарында Семей ядерлік полигонында қоршаған орта мен мыңдаған адамдардың денсаулығына орны толмас зардап әкелген 500 жарылыс жасалған. 1991 жылы халықаралық «Невада-Семей» ядерлік қозғалысының арқасында полигон жабылды. 1997 жылы Семей облысы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен таратылып Шығыс Қазақстан облысының құрамына кірді. 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері Шығыс Қазақстан республикамыздың басқа өңірлерімен бірге саяси-қоғамдық өмірі және экономикасы өркениетті нарықтық қарым -қатынасқа бағытталған егеменді мемлекетіміздің құрылуына ат салысуда. Аяғына дейін зерттелмеген және оқиғаларға бай өңіріміздің тарихы ғылыми-зерттеу еңбектерге мол мүмкіндіктер береді. 2002 жылы «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосының 1500 жылдығы. Бұл - әлемдік деңгейдегі айрықша археологиялық ескерткіш. Егер сіз тарихшы, археолог, өлкетанушы болсаңыз, келіңіз! Сізді біздің халықтың өзіндік әлемі мен қызықты кездесулері мен жаңалықтары күтіп тұр.
 

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні