Ұлы жібек жолындағы қала Ақтөбе

Ақтөбе облысы Қазақстан Республикасының күн сайын өркендеп келе жатқан аймақтарының бірі. Орасан зор экономикалық , мәдени және туристік потециалы бар өңір. Облыстың басты артықшылығы – географиялық орналаусуы, өте ыңғайлы. Еуропа мен Азияның түйіскен тұсында. Осы өлке арқылы қалалар мен мемлекеттерді жалғаған Ұлы Жибек жолының керуендері ерсілі-карсылы тауар тасыған. Ал, облыстың қазіргі қартасын күнгейінен теріскейіне қарай және онды –солды автомогистралдар жалғастырып жатыр. Соның ең ірісі – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізі. Теміржол желілері Еуразиялық континеттің барлық бағыттарына таралған. Ақтөбенің көк зеңгір аспаны халықаралық әуе трассасының талабына сай қызмет көрсетіп келеді. Әлемнің барлық дерлік әуе компаниялары қазіргі заманның сұранысына толық жауап беретін аймақтан аэронавигациялық диспетчерлік орталықтың қызметін пайдаланады. Заманауи халықаралық «Ақтөбе» әуежайы әуе кемелерінің барлық түрлерін қабылдай алады. Жолаушыларды өткізу қабілеті сағатына мыңнан астам адамға қызмет көрсете алатын терминал да уақыт талабына сайма-сай. Облыстың климаты құрғақ. Қалың қар басып салатын ұзақ қыс аязды, ашық күндерімен шаңғышылар, шана тебушілер үшін өте қолайлы. Сондай – ақ, қансонарда құс жігіртіп, аң салып, балық аулауға да ыңғайлы. Ақ нөсер жауыны бар жаз болса, нағыз жидек пен саңырауқұлақ теретін маусым. Жазғытұры шет шегі көрінбейтін байтақ даланы бәйшешек пен қызылды- жасылды қызғалдақтар жауып кетеді. Ал, күзде алтын түске боялатын алқап тіпті керемет. Облыстың аумағы 300 шаршы шақырымды алып жатыр. Ақтобе облысында 720 мыңнан астам адам тұрады. Облыстың әкімшілік орталығы – Ақтобе қаласы. Қаланың іргетасы 1869 жылы ақ төбенің басындағы бекіністің негізінде қаланған. Бұл жасыл желекті заманауи мегаполис өзінің ескерткіштері, сәулет өнерінің керемет туындыларымен өлкенің арғы-бергі тарихын анық анғартып тұр. Жаңа мешіт пен шіркеу заман талабына сай өңі озгерген Ақтобе қаласының төлқұжатына айналды. Діни ғимараттардың ортасын жалғап жатқан сулы-жасыл гулзар ән салатын әдемі субұрқақтар және әсем архитектуралық формалармен жалғасып жатыр. Ұлттық сипаттағы бұл сәулет үлгілері алыстан көз тартады. Балалардың ойын алаңдары бар заманауи сауда-сауық кешендері, мұз айдындары, кинотеатрлар, боулинг, скаладром, ақтобеліктердің үлкен ықыласпен жиналатын сүйікті демалыс орындары. Ал, туристерді дәстүрлі ат және түйе жарыстары қызықтырады. Туристер мен қала қонақтары ақ төбенің басыңдағы әдемі қаланың асқан әдемгілігімен және қонақжайлылығымен есте қалатын білгендері жөн. Қазіргі заман талабына сай 5 жұлдызды қонақ үйлер, қазақ, орыс, армян, корей, қытай, итальян асханасының дәмі тіл үйірер ас мәзірімен кез келген талғампаз қонақты таң тамаша қалдырар мейрамханалары туризм инфрақұрылымының ажырамас бөлігі. Сіздер ақ төбенің басындағы әдемі қаладан талғамыңызға сай, аса қызғылықты кереметтердің бәрін табасыз. Өйткені, Ұлы Жібек жолындағы бұл әсем қала қашаннан оны мекен етушілер үшін Жерұйыққа бергісіз.

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні