Қапшағай

Жалпы көлемі: 3,6 мың. кв. км. Халқы: 46,0 мың адам. Алматы қаласынын арақашықтығы: 70 км Талдықорған қаласынан арақашықтығы: 290 км. Қапшағай өңірі Алматы облысының оңтүстік орталығында Қапшағай су қоймасының жағалауында Алматы қ. 70 км арақашықтықта орналасқан. Климаты континентальды. Қапшағай қаласының туристік саласы Қапшағай су қоймасының ресурстарына негізделген. Туристерді қызықтыратыны Іле өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан тамғалы тас суреттер және ө.ж. маусым айынан экскурсиялық объект ретінде қолданылатын «Көшпенділер» фильміне декорациялар. Қапшағай су қоймасы Іле өзенінің орта ағысында орналасқан, оның ұзындығы 100 км, ал ені 25 км. Оның табиғи-климаттық жағдайларының арқасында Алматы облысы және Алматы қаласы тұрғындарының аса сүйікті демалыс орнына айналды. Жазда ауа температурасы +40С. Мамыр және маусым айында судың температурасы +18+20С, +22+28С шілде-тамызда және +18+20С қыркүйекте. 1994 жылы италиялық жобамен салынған қалалық аквапарк аса көңіл көтеретін обьектілердің бірі. Комплекс үлкендер мен балаларға арналған әртүрлі су атракциондары бар. Жасанды суайдынның жағасында 150-н астам демалыс аймақтары мен базалары орналасқан.

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні