Жалпы ақпарат

Қала 1832 жылы Есіл өзенінің жағасында Қараөткел шатқалында Ақмола бекінісі негізделгенде пайда болды. 1863 жылдың 16 шілдесінде Ақмола ресми түрде округтік қала ретінде жарияланды. 1960 жылғы желтоқсанда қала Қазақстанның барлық солтүстік облыстары кіретін Тың өлкенің орталығы болды. 1961 жылға дейін ол Акмолинск, 1961 жылдан 1992 жылға дейін – Целиноград, ал 1992 жылдан бастап 1998 жылға дейін Ақмола аталып келді. Әкімшілік мағынасы, яғни Қазақстан Республикасының елордасы мен өзінің қазіргі Астана атауын қала 1998 жылы алды.

Шаһар Сарыарқаның солтүстігінде Есіл өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан. Тарихи тұрғыдан Еуропа мен Азияны байланыстыратын орталық болып саналады. Астана бүгінгі күнде де автокөлік, теміржол жолдарын және әуе сызықтарын қосып тұрған ірі көліктік түйін.

Қала халқының саны:
653,8 мың адам (2009 жылғы 1 сәуірдегі көрсеткіш)

Астананың аумағы:
72,2 мың га. (2009 жылғы 1 сәуірдегі көрсеткіш)

Телефон коды:
Қазақстан бойынша қалааралық коды – 7172
Халықаралық – 107 – 7172

Астана Есіл өзенінің оң жақ жағалауында Солтүстік Қазақстанда орналасқан. Қала аймағының бет-бедері тегістелген. Қаланың ауа-райы қатты континенттік. Қысы – суық, ұзақ, қары аз, кейбір жылдары қақаған суық. Жазы – біркелкі қуаң, ыстық, құрғақ ауа-райымен сипатталады. Шілденің орташа температурасы - +20 С. Ең жоғары температура (+30 С және одан да көп) шілде айында шамамен 11-12 күнге созылады. Қаланың гидрографиялық жүйесіне Есіл өзені және оның қала ішінен өтетін кебуге шақ қалған Сарыбұлақ пен Ащылыөзен атты өзен тармақтарынан тұрады. Астана айналасының 25-30 км радиусында көптеген тұщы және ащы көлдер бар.

Астананың басты су жолы қатынасы - Есіл өзені оның оңтүстік жағымен өтеді және өз бастамасын Қарағанды облысындағы Ниаз тауларының (Қазақстандық ұсақ шоқылардың солтүстік бөлігі) қайнарларынан алады. Өзеннің қайнар көзінен сағасына дейінгі жалпы ұзындығы 2450 км құрайды. Сумен жабдықталу және суарылатын егін шаруашылығын дамыту үшін 1965-1970 жж. қаладан 70 км жерде Есіл өзенінде су қорлары 410,9 млн.м3 толық көлемді құрайтын Вячеславское (қазір Астаналық) су қоймасы құрылған болатын.

Астана сарғылт топырақты, құрғақ, бетегелі дала зонасында орналасқан. Топырақтық жамылғысы өнімділігі жағынан құнарлы емес. Қазіргі уақытта жергілікті топырақ пен ауа-райына бейімделген ағаш және бұтақ тұқымдарымен астананы көгалдандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. 2009 жылдың 1 қаңтардағы көрсеткіштерге сәйкес орман қорының аумағы 16,5 мың га құрады.

Астана шекарасында автожолдар құрылысы үшін жер, құм – қиыршық тас қоспаны, ұсақталған тасты, силикатты кірпіш және т.б. жасау арқылы құмды өңдейтін 18 кен орыны бар. 2009 жылдың басындағы мәліметтер бойынша А+В+С1 категориясының жиынтығы 12960,5 мың.м3 құраса, ал С2 категориясы 4265,8 мың.м3 тұрады.

Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері:
Қалада 70-тен астам ірі заңды тұлғалар, 69,8 мың шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген.

Білім беру мен денсаулық сақтау:
Астанада білім беру мекемелерінің кең жүйесі бар. Қалада 14 ЖОО қызмет етеді, олардың 10 - жеке. 67 807 оқушы білім алатын жалпы білім беру мектептерінің саны 76 бірлікті құрайды.

Сонымен қатар оқушылар саны 2 211 адамды құрайтын 12 мемлекеттік емес мектептер қызмет етеді. Қала аймағында – 24 колледж, 5 кәсіби техникалық мектеп, 60 астам бала бақша бар. Білім беру үдерісіне ақпараттық технологиялар белсенді енгізілуде. Жалпы білім беру мекемелерінің компьютерлермен қамтамасыз етілу деңгейі орта республикалық деңгейден әлдеқайда жоғары.

Қаланың денсаулық сақтау жүйесінде 21 ауруханалық мекеме (4 652 төсек орынды) және 34 дәрігерлі амбулаторлы-емханалық көмек мекемелері (аурухана және диспансерлердің емханалық бөлімдерін қоса) бар.

Астана – бұл қаланың жақсы тіршілік етуін қамтамасыз етіп отырған, инженерлік инфрақұрылымы, көлік жүйесі, коммуналды шаруашылығы мен тұрғын үй қоры, әлеуметтік нысандар жүйесі дамыған қазіргі заманғы ірі мегаполис.

 

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні