Шымкент қаласы туралы ақпарат

Аймақ туралы ақпарат 1. Жалпы мәлімет. Оңтүстік Қазақстан облысы республиканың ең ірі аймақтарының бірі болып табылады және шығысында – Жамбыл, солтүстігінде – Қарағанды, батысында – Кызылорда облыстарымен, оңтүстігінде – Өзбекстан Республикасымен шекаралас жатыр. Облыс аумағы – 117,3 мың шаршы шақырым, мұнда 2,4 млн. шамасында халық тұрады. Облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымына 4 – облыстық, 4 – аудандық бағыныстағы қалалар, 11 ауылдық аудандар кіреді. Облыс орталығы – Шымкент қаласы. Облыс орталығы – Оренбург-Ташкент және Түркістан-Сібір халықаралық көлік магистральдарының түйіскен жерінде орналасқан. Бұдан бөлек, Ташкент-Шымкент-Тараз-Алматы және Ташкент-Шымкент-Түркістан-Самара авто-магистральдары арқылы ыңғайлы байланыс орнатылған. Аумақ – барит, көмір, темір және полиметалл рудаларына, бентонитті саз балшыққа, вермикулит, тальк, әк тас, гранит, мрамор, гипске, кварцтық құм сияқты пайдалы қазбаларға бай. Облыс уран қоры бойынша республикада – бірінші, фосфорит пен темір рудасы бойынша – үшінші орынды алады. Облыста жалпы ұзындығы 444,6 шақырым, екі бағыттағы темір жол, 5,2 мың шақырым жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бар, оның 5,1 мың шақырымы – қатты төселімдегі жолдар. Азаматтық авиация ұзындығы 27 мың шақырым әуе жолында жұмыс жасайды. Облыста Қазақстан бойынша республикада өндірілетін өнеркәсіп өнімінің 2,0 пайызын өндіретін 182 ірі және орта кәсіпорындар жұмыс істейді. Ауылшаруашылығының жалпы өнім көлемінде 100 пайыз мал шаруашылығына тиесілі. Мал шаруашылығында ет, сүт және жұмыртқа өндіру негізгі орынды алады. Облыс аумағында емдеу және демалысқа пайдалануға болатын табиғи ресурстар бар. Оларға жұмыс істеп тұрған Сарыағаш шипажайының минералды сулары жатады. Ауа-райы қолайлы Кентау қаласынан 20 шақырым оңтүстікте Қаратау бөктерін, Шаға өзенінің әдемі аңғарындағы шипалы минералды, термалды су скважиналарын, Манкент селосы аумағында және Ордабасы ауданының орталығы – Темірлан елді мекенінің жанындағы термалды су көздерін, сонымен қатар, Ақсу, Түлкібас және Тұрар Рысқұлов ауылының аумақтарын жүрек-тамыр аурулары бар адамдардың емделуіне қажетті жағдайлар жасауға болады. 2. Өнеркәсіп. Облыста Қазақстан бойынша республикада өндірілетін өнеркәсіп өнімінің 3,0 пайызын өндіретін 163 ірі және орта кәсіпорындар жұмыс істейді. Облыста 2197 өнеркәсіп кәсіпорындары тіркелген, оның ішінде, кен өндіру саласында – 155 кәсіпорын, өңдеу өнеркәсібінде – 1635, электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлу секторында – 156. Өнеркәсіп саласында жұмыс істейтіндердің саны 40,2 мың адамды құрайды, кен өндіру саласында жұмысшылар саны - 6,5 мың адам, өңдеу өнеркәсібі саласында жұмысшылар саны - 25,6 мың адам, электр энергиясын, газбен суды өндіру және бөлу секторында - 8,0 адам. Инвестициялауға ұсынып отырған инвестициялық жобалар Бүгінде транспорттық-экономикалық, еңбек ресурстарына бай, заманауи телекоммуникациялық жүйемен қамтамасыз етілген, көрші мемлекеттерге жақындығымен танылған, сонымен бірге шетелдік және отандық инвестицияларды салуға өзінің бизнеске қолайлылығымен танымалы аймақ. 1. ОҚО-да «Металлургия кластерін» құру: «АЛАЙҒЫР» кен орны жанынан таукен байыту комплексінің құрылысы, қорғасын өндірісін модернизациялау мен реконструкциялау, екінші кезектегі аккумулятор зауытының құрылысы. Жобаны жүзеге асырушы «Южполиметалл» ӨК» АҚ, жоба бүгінгі таңда жобалық және құрылыстық жұмыстары жоспарлануда. Техника – экономикалық негіздемесі бар, Жобалық – сметалық құжаттамасы жасалған. Жобаның жалпы құны – 22 500,0 млн. тенге құрайды. Құрылыс жұмыстарының жүргізілу мерзімі – 2011 жылдың қазанынан 2012 жылдың қыркүйегі аралығына жоспарланып тұр. Жаңадан ашылатын жұмыс орны – 1 800 адамды құрайды. Орналасқан жері – Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облысы (Шымкент қаласы). 2. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Қарағанды облыстарының полиметаллды шикізаттарын комплексті пайдалану және өңдеу бойынша «КАЗПОЛИМЕТАЛЛ» Ұлттық таукен – металлургиялық холдингін құру. Жобаны жүзеге асырушы «Южполиметалл» ӨК» АҚ, бүгінгі таңда жоба жоспарлануда. Техника – экономикалық негіздемесі бар. Жобаның жалпы құны – 120 000,0 млн. теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарының жүргізу және іске қосылу мерзімі 2010 - 2013 жж. жоспарланған. Жаңадан ашылатын жұмыс орнының саны – 7 000 адамды құрайды. Орналасқан жері – Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары. Қазіргі таңда облыстағы аймақтық «технобағындағы» М.Әуезов атныдағы ОҚМУ-нің ғалымдарымен әзірленген индустриялдық-инновациялық жобаларын ұсынамыз: 1. Ақжар кең орнында «Кварц» құмын өндірудің технологиялық жүйесі ендіру бойынша инвестициялық жобасы. Шикізат қоры – 10,0 млн. тонна, қуаттылығы жылына - 250 тоннаға дейін, жоба құнын қайтару мерзімі – 2 жыл. Жалпы құны – 300,0 млн. теңге. Қазақстан аумағында шиша өнеркәсіп саласына жарамды кварц құмын өндіру кең орны жоқ. Осы жоба жүзеге асырылған жағдай Қазақстанда шиша өндіретін кәсіпорындарын қамтамасыз етеді және жаңа жұмыс орындары ашылады. 2. «Сурик» (қызыл түсті бояу) табиғи минералдық пигменттен жасалынған грунттық, эмальдік және лак бояу өндірісінің жобасы. Шикізіт қоры 400 мың тонна, жобаның қуаттылығы жылына 2 000 тонна, жоба құнын қайтару мерзімі – 6 жыл. Жалпы құны - 30,0 млн. теңге. Осы жобаның өнімін келесілерге пайдалануға болады: темір жол (вагондарына), барлық ауыл шаруашылық техникаларында, сонымен қатар әр-түрлі көліктерді, керамикалық бұйымдар (черепица, кірпіш) және тағы басқа заттараға бояуға кең көлемде пайдалануға болады. 3. Бадам өзеніндегі құмның негізінде құрғақ құрылыс қоспаларының түрін өндіру жобасы. Шикізаттық қоры шектелмеген, жобаның қуаттылығы жылына 5000 тонна, жоба құнын қайтару мерзімі - 2,5 жыл, жобанын жалпы құны – 15,0 млн. теңге. Қазақстан Республикасынның аумағында құрылыс саласымен айналысып жатқан компаниялары құрылыс жүргізіп жатқан ғимараттарының сыртқы және ішкі өңдеу жұмыстарына өте маңыздылығы жоғары. Жоба жүзеге асырылған жағдайда жаңадан 20 адам жұмыспен қамтамасыз етіледі. 4. Ферросилиция өндірісі бойынша металлургиялық зауыттың құрылысы. Жобаның қуаттылығы жылына - 114 тонна, жобаның жалпы құны - 250 млн. теңге, жоба құнын қайтару мерзімі - 3,5 жыл. Осы жоба жүзеге асырылғанда - 92 адам жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі және 15% -ға дейін ферросилицияның өнімінің өзіндік құны сонымен қатар Түркістан және Кентау аумақтарында қоршаған ортаға клинкердің антропогендік әсері төмендейді. 5. Жергілікті шикізат негізінде автоклавты емес пенабетон өндірісі, қажет ететін алаңы 200 кв.м. Шикізатты пайдалану портландцемент М400, Жуылған құм (Мкр=1), көпіршік жасайтын ПБ - 2 000, жобаның құны - 15,0 млн. теңге, жоба құнын қайтару мерзімі 2 жыл. 6. Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу (электорэнергия), жылуды және тағы басқа пайдалы өнімдерді өндіру. Шикізаттық қоры 5 млн. тонна, жобаның қуаттылығы жылына 10 000 тонна қалдықты қайта өңдейді, жобаның құнын қайтару мерзімі - 7,5 жыл. Жобаның жалпы құны 8700 млн. теңге. Жоба жүзеге асырылған жағдайда 78 жаңа жұмыс орындары ашылады. 3. Туризм. Тянь-Шань етегінде Ақсу-Жабағылы қорығы орналасқан. Атауының өзі айтып тұрғандай Ақсу және Жабағылы сияқты екі өзеннен құралған. Бұл жерде флора мен фаунаның сирек нұсқалары сақталған. Олардың көбі Қызыл кітапқа енген. Осы себепті осында ерекше қорық құрылған. Бұл территорияның ең керемет гүлі – Грейг қызғалдағы өседі. Бұл гүл Оңтүстік Қазақстан облысының символы болып табылады. Осы Ақсу-Жабағылы қорығында туризмді дамыту үшін монорельстік темір жол қажет, яғни туристерге қорықты ыңғайлы және қызықты аралуына үлкен септігін тигізеді. Шардара су қоймасында туризм саласын дамытуға қолайлы жағдай бар. Осы саланы дамыту мақсатында теңіз жағасынан демалыс аймағын салу үшін орман қорынан арнайы 245 га жер бөлінген. Осы бөлінген аумақта жағажай шомылу, жағажай су спорты, балық аулау, аңшылық, құм ішінде атпен, түйемен, серуендеу, аудандағы тарихи орындарға саяхатқа шығу, құм қойнауын көлікпен аралау (сафари), емдеу-сауықтыру орындарын ашу секілді бірнеше бағыттарды ұйымдастыруға болады. Бұл мақсатқа инвесторлардың қаржысы керек. Сонымен қатар, Төлеби ауданындағы Қасқасу өзенінің басындағы тау бөктерінде тау шаңғысы базасының, сауықтыру кешендерінің құрылыстарын жүргізуге инвесторларды тарту қажет. 4. Әлеуметтік сала. 2010 жылдың 1 ақпанына облыс халқының саны 2429,5 мың адамды құрады. оның 912 мыңы – қала халқы (37,5%), 1517,5 мыңы – ауыл халқы (62,5%). Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 1133,3 мың адамды, жұмыссыздар саны 73,0 мың адамды, жалпы жұмыссыздық деңгейі 6,4% құрады. 2010 жылдың 1 ақпанына облыс бойынша 12901 жұмыссыз тіркелген, ал тіркелген жұмыссыздық деңгейі 1,14% құрады. Облыста 25,1 мың көлемінде тәрбиеленушісі бар 190 мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелері жұмыс істейді. Балалардың мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етілуі 13,8% құрайды. 2008-2009 оқу жылында жалпы білім беру мектептері мен мектеп-интернаттарының саны – 1032, ондағы оқушылар саны – 516,2 мың адамды құрады, оның ішінде жекеменшік мектептер саны – 6, ондағы оқушылар саны – 1,2 мың. Мәдениет саласында 426 кiтапхана, 12 – мұражай, 287 – клубтық мекеме (мәдениет үйлерi, клубтар, автоклубтар), 8 – театр, 7 – мәдени және демалыс саябағы, 2 – кинотеатр және т.б. халыққа мәдени қызмет көрсетуде. Сонымен қатар, 3433 – спорт ғимараттары, оның ішінде 21 – стадион, 191 – тир ату орындары, 18 – жүзу бассейні, 2394 – жазық-алаңшалық ғимараттар жұмыс істейді.

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні