Сарыағашқа қалай жетуге болады?

Сарыағаш – ОҚО-да орналасқан белгілі шипажайлы туристік орын. Ол өз келушілеріне емдік туризм ұсынып, әр түрлі ауруларға шипа береді. Егер Сарыағашқа барып демалғыңыз келсе, келесі ақпарат сізге қажет болуы мүмкін.

Астанадан
Астанадан Сарыағашқа жету үшін Астана-Сарыағаш бағыты бойынша пойызға отыра аласыз. Пойыздар кестесін сайттан қараңыз. Сарыағаш Шымкенттен 110 шақырым жерде орналасқан. Сонымен қатар автобуспен де тікелей бара аласыз.

Алматыдан
Алматы қаласынан Сарыағашқа жету үшін автобустар қызметін пайдалана аласыз, олар Алматы қаласынан тікелей қатынайды. Сонымен қатар пойыз билеттерін де ала аласыз, ол туралы ақпарат pcentre.kz сайтында.

Пойызбен
Сарыағашқа тікелей пойыздар қатынайды, олар туралы ақпарат алып, билет сатып алу үшін pcentre.kz сайтына өтуіңізге болады..

Әуе көлігімен
Сарыағашқа жету үшін Шымкент қаласына дейін билет сатып алуға болады. Әрі қарай (110 шақырым жер) пойыз немесе автобуспен жете аласыз.

Автобуспен
Сарыағашқа Астана қаласынан Астана – Сарыағаш рейсі қызмет көрсетеді (Карағанды, Тараз, Шымкент қалалары арқылы). Басқа қалалардан да көптеген автобус түрлері бар, олар туралы ақпаратты автобекеттерге хабарласу арқылы біле аласыз.

Автокөлікпен
Автокөлікпен Сарыағашқа баратын болсаңыз, ОҚО көлік жолдары картасы керек болуы мүмкін.
 

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні