Аудан және қала әкімшіліктері

1 Арыс қаласының әкiмшілігі

Жалпы мағлұмат
Ауылдық аймағы бар Арыс қаласы – облысқа тәуелді қала, үш бағытқа бөлініп, Ресей мен Сібірдің Еуропалық бөлігін Орта Азия және Қазақстанмен байланыстырып тұратын ірі станция торабы. Аудан 6 ауыл округынан тұрады.

Әкімшілік орталығы – Арыс қаласы
Халық саны - 61400 адам
Аудан территориясы 6300 шаршы километрді құрайды
Индустриалды — экономикалық профиль
Қаланың ірі кәсіпорындары болып темір жол көлігі кәсіпорындары табылады. Арыс станциясының территориясында теміржол саласына қызмет көрсететін жөндеу және локомотив кәсіпорындары шоғырланған (шпалға май сіңдіру зауыты, жөндеу және локомотив деполары, жол кәсіпорындары және т.б.).

Ауылшаруашылық өндірісінің негізгі бағыттары – ет, сүт өндіру, мақта шикізатын, жеміс және бақшашылық дақылдарын өсіру. 2005 жылы Арыс қаласын дамыту Бағдарламасы қабылданды. Қала экономикасы әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарына сәйкес дамуда.
Ерекшеліктер мен көрнекті орындар
Арыс темір жол станциясы Қазақстанның оңтүстігіндегі ең ірі станциялардың бірі. Оны сонымен қатар «Орта Азияға ашылған қақпа» деп те атайды. Ал, станцияның өзі ХХ ғасырдың басында, Түркісіб теміржол магистральін салу барысында құрылды. 1901-1904 жылдары салынып, биыл күрделі жөндуден өткен темір жол вокзалының ғимаратында әлі күнге дейін император Николай ІІ жазбасы сақталып қалған.
Әкимат мекен-жайы
Акбастау 487220
Әл-Фараби көшесi, 3

Телефон: +7 (72540) 2 15 55

 

2 Кентау қаласының әкімшілігі

Жалпы мағлұмат
Кентау Қаратау жотасының батыс бөлігінде, теңіз деңгейінен 265 метр биіктікте, 120,9 шаршы километр жерді алып жатқан территорияда орналасқан. Ол 1955 жылы тамыз айында қала статусын алған, Қазақстанның 59 шағын қалаларының бірі.

Әкімшілік орталығы - Кентау қаласы
Қала құрамына 3 поселкелік және бір ауылдық әкімшілік кіреді
Кентау қаласының халық саны – 80538 адам
Территориясы 120,9 шаршы километр жерді құрайды
Индустриалды — экономикалық профиль
Тарихқа жүгінер болсақ, алғашында Кентау Оңтүстік Қазақстанның өнеркәсіп орталығы болады деп жоспарланған. Шындығында да қазір солай болып отыр. 50-60-шы жылдары Кентауда көптеп энергетикалық және металлургиялық кәсіпорындар мен машина құрылысы зауыттары салына бастады. 90-шы жылдары Кентау өз басынан қиын тоқырау және кризисті кезеңді өткеріп, алайда оны абыроймен жеңе білді. Бүгінгі таңда Кентау шағын қалалардың қайта тірілуінің үлгісі болып, облыста ғана емес, сонымен қатар Республикамызда да ерекше орын алады.

Қалада машина құрылысы мен кен-байыту өндірі дамыған. Кентау қаласының кәсіпорындарында экскаваторлар, трансформаторлар, трансформаторлық жабдықтар, резинатехникалық өнімдер, полиэтиленді құбырлар, трикотажды өнімдер өндіріліп, жол бұрушы бағыттар қайта-қалпына келтіріледі. Кентау қаласының өнеркәсібін мыналар ұсынады: «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Экскаватор» АҚ, «Южполиметалл» өнеркәсіп корпорациясы» АҚ, жол бұрушы бағыттар зауыты, «Кентауликвидрудник» РМК, «ШалкияЦинк ЛТД» ЖШС, «Эластополимет» ЖАҚ және басқалары.

2005 жылғы жалпы өнімнің өсуі былтырғымен салыстырғанда 107 пайызды құрады. Кентауда шағын және орта бизнесті дамыту мен қолдау қолға алынғандығын қарусыз көзбен де көруге болады. 2006 жылдың 1-ші қаңтарына дейін Кентауда 1815-ке тарта шағын кәсіпкерлік нысаны тіркелген, үш мыңға жуық адам осы салада жұмыс істейді.
Ерекшеліктер мен көрнекті орындар
Кентау өзінің қайталанбас көркімен ғана емес, сонымен бірге адамдарының ерекше аурасымен, ашық болуымен және жомарттығымен таң қалдырады. Ол тайғаққа толы бөктері бар, тік құздары бар таудың шыңына көтерілуге ұқсайтын өзінің бай тарихымен қызықты.

2004 жылдың көкек айында Кентау базасында Қаратау табиғат қорығы құрылды. Оның міндеті Батыс Тянь-Шаньның ерекше флорасы мен фаунасын қорғау. Бұл тауларда Қызыл кітапқа енгізілген 350 өсімдік түрінің 78-ін кездестіруге болады. Қаратаудың мақтанышы мен сұлуы Грейг қызғалдағы, Қаратау қызыл талы мен шлемнигі, качма типті аллохруза және өзге де сирек кездесетін эндемикилар.
Әкимат мекен-жайы
Кентау 487090
Қ.А.Ясауи даңғылы, 87

Телефон: +7 (72536) 3 58 65
Факс: +7 (72536) 3 55 65


3 Ордабасы ауданының әкiмшілігі

Жалпы мағлұмат
Ордабасы ауданының негізі 1964 жылы салынып, 1993 жылға дейін Бөген ауданы деп аталып келген.

Әкімшілік орталығы – Темірлан ауылы
Аудан құрамына 8 ауыл округы кіреді
Халық саны - 84500 адам
Аудан территориясы 2700 шаршы километр жерді құрайды
Индустриалды — экономикалық профиль
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі құрылымында ет, сүт өндіру, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды, қозаны, жемістер мен бақша өнімдерін өсіру басымдылыққа ие. Ауданда құрылыс материалдарының өндірісі дамыған: күйдірілген кірпіш, қиыршық тас, клинец.
Ерекшеліктер мен көрнекті орындар
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі құрылымында ет, сүт өндіру, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды, қозаны, жемістер мен бақша өнімдерін өсіру басымдылыққа ие.
Әкимат мекен-жайы
Темирлан 487410
Т.Рысқұлов көшесi, 14

Телефон: +7 (72530) 2 10 72
Факс : +7 (72530) 2 14 52

 

 4 Сарыағаш ауданының әкімшілігі
Жалпы мағлұмат
Сарыағаш ауданы әкімшілік бірлік ретінде 1939 жылы құрылды. Ол Оңтүстік Қазақстанның Қазығұрт, Шардара және Отырар аудандарымен шекараласып жатыр. Өзбекстан Республикасымен 133 километрге созылған шекарасы тағы бар. Ауылдық аймақтарда 213,4 мың адам тұрады. Поселке мен 24 ауылдық округ бар.

Ауданның әкімшілік орталығы - Сарыағаш қаласы
Халық саны - 240000 адам
Аудан территориясы 7613 шаршы километрді құрайды
Индустриалды — экономикалық профиль
Сарыағаш ауданы – Оңтүстік Қазақстанның ең ірі өндірісті-аграрлы аймақтарының бірі. Мұнда қазіргі нарықтық инфрақұрылымның негіздері қаланған. Сарыағаш шипалы минералды суға, бентонитті балшыққа, кварцтық құмдарға, сонымен қатар, бидай, мақта, жеміс, жүзім және мәуе жемістері өсірілетін құнарлы топыраққа бай. «Сарыағаш» минералды суын шығарумен 33 тіркелген кәсіпорын айналысады.

Сарыағаш ауданында мал шаруашылығы мен өсімдік өсіру жақсы дамыған. Келешекте аудан экономикасы кластерлі дамуға негізделетін болады. Бұл жағдайда облыстың агроөнеркәсіптік потенциалы мүмкіндігінше толығымен пайдаланылады. Сарыағаш ауданында шарап, тоқыма және туристтік кластерлерін дамытуға барлық мүмкіндіктер бар.
Ерекшеліктер мен көрнекті орындар
Сарыағаш жерасты минералды суларының дәл қайнар көзінде орналасқан санаториларға бай. Бұл ауданда туристтер көптеген қызықты нәрселер таба алары хақ. Ескі замандарда Сарыағаш территориясынан Ұлы Жібек жолы кесіп өткен. Сулы Келес өзені сағасының жағасында Күлтөбе тарихи ескерткіші бар, Жүзімдік ауыл округының территориясында археологтар ескі қала тапқан.

Сарыағашта орналасқан Ердәуіт, Дарбаза ауылдық округында – Шаймерден, Ақжарда – Сексек-ата, Дербісектегі православ шіркеуі сынды киелі жерлерді қайта-қалпына келтіру бойынша мемлекеттік бағдарлама дйындау жоспарлануа.
Әкимат мекен-жайы
Сарыағаш 487310
Исмаилов көшесi, 37

Телефон: +7 (72537) 2 26 23
Факс: +7 (72537) 2 26 34

 

5 Түлкiбас ауданының әкiмшілігі

Жалпы мағлұмат
Түлкібас ауданы 1928 жылы құрылып, Оңтүстік Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс бөлігінде орналасқан.

Ауданның әкімшілік орталығы – Тұрар Рысқұлов ауылы
Халық саны - 88200 адам
Аудан территориясы 2300 шаршы километрді құрайды
Индустриалды — экономикалық профиль
Аудан өзі өндіретін өнімдердің сан-алуан түрлілігімен ерекшеленеді: дәнді-дақылдар, майлы дақылдар, бақша дақылдары, сонымен бірге картоп, жүзім және жеміс-жидектер. Тамақ өнеркәсібінің қайта өңдейтін кәсіпорындары ауданның өнеркәсіп потенциялының жалпы көлемінде 40 пайызды құрайды. Мұнда «Сана» Корпорациясы» ЖШС-не тиесілі екі қуатты ұн тартатын комбинат жұмыс істейді.

Өнеркәсіп өндірісінің тағы бір бағыты – пайдалы қазбалар қойнауы мен жатағын өңдеу болып табылады. Түлкібас ауданына Қазақстан бойынша жалғыз түрлі-түсті цемент шығаратын зауыт орналасқан. Ал, Түлкібас әк зауытының 80 жылдық тарихы бар.
Ерекшеліктер мен көрнекті орындар
Ауданға «тамаша витаминді өнімдер өндіретін алқап» деген абыройлы ат бекем бекітілген. Бұл жерлерде алманың, алмұрттың, өріктің, жүзімнің түрлі сорттарын өсіру үрдісі бірнеше онжылдар бұрын қалыптастырылған. Ал, дәмді әрі экологиялық тұрғыдан таза жемістер Түлкібас ауданының визиткалық карточкасы болып табылады.

Ауданның ең басты көрнекті жері Ақсу Жабағлы қорығы. Ол 1927 жылы құрылған. Қорық флора мен фаунаға бай. Қорық территориясында 55-тен астам құстар пен аңдар түрі және 200-ден астам өсімдіктер түрі бар. Олардың көпшілігі Қызыл кітапқа енгізілген.
Әкимат мекен-жайы
Турара Рыскулова 487960
Т.Рысқұлов көшесi, 201

Телефон: +7 (72538) 5 29 88
Факс: +7 (72538) 5 27 75

 

6 Төлеби ауданының әкiмшілігі

Жалпы мағлұмат
Төле би ауданы 1932 жылы құрылып, Оңтүстік Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Аудан құрамына 13 ауыл округы кіреді.

Әкімшілік орталығы – Ленгер қаласы
Халық саны - 107000 адам
Аудан территориясы 3150 шаршы километрді құрайды
Индустриалды — экономикалық профиль
Аудан орталығы Ленгер бұрындары шахтерлар қаласы болатын. Мқнда Шымкенттік зауыттар мен фабрикалардың фидиалдары ашылған. Алайда, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында болған уақытша экономикалық құлдыраулар аудан өнеркәсібіне қатты әсер етіп, оның өнімдері бәсекеге төтеп бере алмайтындай болды. Бүгінгі таңда Төле би ауданы басшылары туристтік саланы, шағын және орта бизнесті дамытуға, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуге иек артып отыр.

Төле би ауданында жер игеру мен мал шаруашылығы дамыған. Ауданның ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер бидай, мақсары, жеміс-жидек дақылдарын өсірумен айналысады. Малшаруашылығы саласында басты рөлде ойнайтындар: ет, сүт және жүн өндірісі. Егіндік 65,3 мың га егіс алаңын, бау-бақшалар 2815га-дан астам жерді алып жатыр.
Ерекшеліктер мен көрнекті орындар
Төле би ауданында атақты Ақсу-Жабағлы, Сайрам-Угам ұлттық табиғи бақтары, екінші Артек саналатын «Тау самалы» балалар оқу-сауықтыру орталығы, «Бүргілік» санаториі, «Альтекс» демалыс аймағы, тау шаңғысы базасы орналасқан. Төле би жері өзінің қайталанбас сұлулығымен, ерекше табиғатымен тартып тұрады. Биік заңғар таулар, айнадай таза өзендер, мәуелерінің салмағымен бас иіп тұрған ағаштар – міне осының бәрі де ауданға тартып тұрады.
Әкимат мекен-жайы
Ленгер 487510
Әйтеке би көшесi, 28

Телефон: +7 (72547) 6 21 35
Факс: +7 (72547) 6 15 23

 

7 Шымкент қаласының әкімшілігі

 

Жалпы мағлұмат
Шымкент – Қазақстанның қарқынды дамып және тез өсіп келе жатқан, Өзбекстан және Қырғызстанмен шекаралас аймақта орналасқан қалалардың бірі. Шымкент солтүстік ендігінің 42-ші градусы мен шығыс ұзақтығының 69-шы градусында, Бадам және Сайрам өзендері арасындағы тау бөктерінің жазықтығындағы тамаша жерде орналасқан.

Әкімшілік орталығы - Шымкент
Қала территориясы 300 шаршы километр жерді алып жатыр
Шымкент халқының саны 526600 адамды құрайды
Индустриалды — экономикалық профиль
Жарты миллионнан астам тұрғыны бар қазіргі Шымкент Қазақстанның ең ірі қалаларының үштігіне кіреді, және сонымен бірге, Оңтүстік Қазақстан облысының (ОҚО) өнеркәсіп, сайда және мәдени орталығы болып табылады.

Соңғы жылдары тек қана Шымкентте емес, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысында да кәсіпкерлік пен бизнестің қарқынды дамуының арқасында Шымкент өте қатты құлпырып кетті. Шымкент қаласының өнеркәсіптік профильін түсті металлургия, химия және мұнай химиясы, машина құрылысы анықтайды.
Ерекшеліктер мен көрнекті орындар
Шымкент Ұлы Жібек жолының бір бөлігіндегі керуен жолдарының қиылысында пайда болып, өте көне Орта Азиялық қалалардың құрамына кіреді және бай тарихы мен мәдениеті бар. Шымкент туристтардың, өнертанушылар мен археологтардың ерекше қызығушылығын тудырады. Қазақстанның оңтүстігінде көптеп кездесетін курорттық, экзотикалық және тарихи орындарға алып баратын туристтік маршруттар дәл осы жерден басталады.

Қонақтардың қызметіне қазіргі заманға сай отелдер, әуежай, темір жол және автобус вокзалдары, әлемнің барлық тарапымен халықаралық байланыс, тарихи көрнекі жерлер, табиғи ландшафттардың сан алуандылығы мен сұлулығы, Шымкент қаласының кең пейілділігі мен қонақжайлығы ұсынылады.
Әкимат мекен-жайы
Шымкент 160000
Тыныбаев көшесі, 49

Телефон: +7 (7252) 53 00 12
Факс: +7 (7252) 54 00 03

 


8 Бәйдiбек ауданының әкiмшілігі

Жалпы мағлұмат
Ауданның әкімшілік орталығы – Шаян ауылы
Халық саны - 51700 адам
Аудан территориясы 7200 шаршы километрді құрайды
Индустриалды — экономикалық профиль
Ауылшаруашылық өндірісінің негізгі бағыттары – ет, сүт өндірісі, бидай, дәнді-бұршақты дақылдар мен мақсары өсіру.

Ауданның шығыс бөлігінде «Қапшағай» су қоймасы құрылған. Оның мақсаты егін алқаптарын суғармалы сумен қамтамасыз ету. 1997 жылы Шаян және Жамбыл ауылдарын ауыз сумен қамсызданыру үшін су құбыры желісі тартылды.
Ерекшеліктер мен көрнекті орындар
Ауданның көрнекі жерлері – «Бәйдібек ата», «Домалақ ана», «Қос ана» кесенелері мен «Әппақ Ишан» мешіті.
Әкимат мекен-жайы
Шаян 487610
Бәйдiбек ата көшесi, 69

Телефон : +7 (72548) 2 11 67

 9 Мақтаарал ауданының әкімшілігі

Жалпы мағлұмат
Мақтаарал ауданы 1928 жылы, Жетісай, Киров және Мақтаарал аудандарының негізінде құрылды. Халық саны тұрғысынан Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Шымкенттен кейінгі екінші орында тұр.

Әкімшілік орталығы – Жетісай қаласы
Халық саны - 248500 адам
Аудан территориясы 1800 шаршы километр жерді құрайды.
Индустриалды — экономикалық профиль
Қазіргі таңда аудан өнеркәсібі өнімдерінің 86,4% тоқыма және тігін өнеркәсібіне келеді. «Мырзакент» ААҚ, «Мақташы» ААҚ, «Мақтаарал» ААҚ, «Ақ алтын» ААҚ, «Ынтымақ» ААҚ, «Қантал» ЖАҚ сынды тоқыма өнеркәсібі кәсіпорындары облыс бойынша 70,7% мақта-талшықтарды өндіреді.

Аудан шаруашылықтарында облыс бойынша 12,6% ірі қара бар, оның ішінде сиырлар – 12,9%, қойлар мен ешкілер – 3,7%, оның ішінде қаракөл қойлары – 3,3%, шошқалар – 15,9%, жылқылар – 7,3%, түйелер – 9%.
Ерекшеліктер мен көрнекті орындар
Қазіргі таңда аудан бойынша 16 тарихи ескерткіш пен 9 танымал тарихи тұлғалардың ескерткіші сақталып қалған. Атакент поселкесінде Мақтаарал ауданының мақта өсіру мұражай бар.
Әкимат мекен-жайы
Жетысай 487600
М.Әуезов көшесi, 20

Телефон: +7 (72534) 5 16 34
Факс: +7 (72534) 5 16 44

 10 Отырар ауданының әкiмшілігі

Жалпы мағлұмат
Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданы Шымкент қаласының солтүстік-батысында орналасқан. Ауданның оңтүстік шекарасы Өзбекстан Республикасымен шекаралысып жатыр. Ауданда 11 ауылдық округ бар.

Ауданның әкімшілік орталығы – Шәуілдір ауылы
Халық саны - 54700 адам
Аудан территориясы 18100 шаршы километр жерді құрайды
Индустриалды — экономикалық профиль
Ауданда мал шаруашылығы және қоза мен жүгері өсіру дамыған. Кәсіпорындардан Маяқұм мақта зауыты, глицерин, крахмал және өсімдік шырындарын өндіретін жүгері зауыты, және минералды су шығаратын «Божбан су» жұмыс істейді.

Ауданның 2003-2010 жылдары индустриалды дамуы үшін инвестиция тарту бойынша орасан зор жұмыс жасалуда.
Ерекшеліктер мен көрнекті орындар
Аудан территориясында көптеген археологиялық ескерткіштер мен діни және азаматтық сәулет ескерткіштері сақталып қалған. Олардың арасында ең ерекшесі 12-ші ғасырда өмір сүрген атақты діни сопының мазарының үстінде соғылған Арыстан баб кесенесі.

Ішінде 12 ортағасырлық қалашықтар мен қоныстары бар Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы тарих пен археология ескерткіштерін сақтап қалған. Бұл ескерткіштер ортағасырлық Отырар қаласын қазу барысында табылды. Көне Отырар – үлкен диқаншылық ауданының орталығы, көшпенділердің берік қамалдарының бірі болған.
Әкимат мекен-жайы
Шаульдер 487110
Жiбек жолы даңғылы, 25

Телефон: +7 (72544) 2 11 89
Факс: +7 (72544) 2 12 45
 

11 Сайрам ауданының әкiмшілігі

Жалпы мағлұмат
Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы – облыстағы ең ірілерінің бірі. Аудан әкімиятының иелігінде 17 ауылдық округ пен 73 тұрғын мекені бар.

Әкімшілік орталығы – Ақсукент ауылы
Аудан тұрғындары - 241500 адам
Аудан территориясы 17000 шаршы километрді құрайды
Индустриалды — экономикалық профиль
Өзінің өндірістік-экономикалық потенциалы бойынша Сайрам ауданы облыстағы ең перспективалы аудан саналады. Аудан экономикасының басымды бағыты - ауыл шаруашылығы. Аудан кәсіпорындары жұмыстарының негізгі түрінің бірі «Арай» өсімдік майын щығару мен шарап өндірісі.

Ауданда ірі өндіріс кешендері мен көптеген өнеркәсіп кәсіпорындары орналасқан. Олардың ішінде: «Шымкентнефтеоргсинтез» АҚ мұнай өңдеу зауыты, «Шымкентгаз» ЖШС, «Манкентаулмаш», «Электрод», «Шымкентпласт» АҚ, «Сайрам», «Оңтүстік құс».
Ерекшеліктер мен көрнекті орындар
Аудан әкімшілік орталығы – ғасырлық тарихи бар Ақсу қаласы. Ол ауданның барлық темір жолдары мен көлік трассалары тоғысатын орталық. Оның орналасуы өте таңдандарыды. Ол бейне бір сақина сияқты облыстық әкімшілік орталығы Шымкент қаласын айналдыра қоршап жатыр.

Аудан территориясында 58-ге тарта ерте ортағасырлық және кеш ортағасырлық мекендер мен қалашықтар, қорғанды мазарлар, жалғыз қорғандар мен некропольдар, б.д.д. 5 ғасырдан б.д. 18 ғасырына дейінгі тарихи ескерткіштер тіркелген. Ауданда туризм мен демалыс үшін пайдалануға болатын табиғи ландшафтар, оазистер бар.
Әкимат мекен-жайы
Аксукент 487870
Жiбек жолы даңғылы, 95

Телефон: +7 (72531) 2 03 50


12 Созақ ауданының әкiмшілігі

Жалпы мағлұмат
Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданы 1928 жылы негізін қалаған.

Әкімшілік орталығы – Шолаққорған ауылы
Халық саны – 50100 адам
Аудан территориясы 41000 шаршы километрді құрайды
Индустриалды — экономикалық профиль
Созақ ауданында өнеркәсіп өндірісінің айтарлықтай көп көлемі (89.9 %) тау-кен шығару өнеркәсібінің еншісіне тиесілі. Сала кәсіпорындары облыс бойынша да тау-кен шығару өнеркәсібі өнімдерін негізгі өндірушілері болып табылады (92.1 %). 1996 жылдан бері ауданда тас көмірі мен тұз шығару басталды.

Ауданның ауылшаруашылық өндірісіндегі алдыңғы салалары – ет өндіру (ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 56%), сүт (20,1%). Соңғы он жылдықта аудандағы ірі қара саны 21,6% көтерілді, сиыр – 5,4%.
Ерекшеліктер мен көрнекті орындар
Шу-Сары су ойпатында көмірсутегіның, уранның және жерде сирек кездесітіндердің кен орны табылды. Ауданның солтүстік бөлігінде 2 табиғи газ кен орны айқындалып, барлау жасалды.
Әкимат мекен-жайы
Шолак - Корган 487710
Жiбек жолы даңғылы

Телефон: +7 (72546) 2 15 40
Факс: +7 (72546) 2 13 68
 

13 Түркiстан қаласының әкімшілігі

Жалпы мағлұмат
Түркістанның б.д. 500 жылы, Самарқандтан, Бұхарадан және Хиуадан Солтүстік Қазақстанға баратын керуен жолының қиылысында негізі қаланған

Әкімшілік орталығы – Түркістан қаласы
Түркістан қаласының құрамына 11 ауыл округы мен 4 шағын аудандар кіреді.
Халық саны - 195623 адам
Аудан территориясы 9400 шаршы километр жерді құрайды
Индустриалды — экономикалық профиль
Түркістанда машина құрылысы, жеңіл және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары, құрылыс материалдары өндірісі, биохимия өнеркәсібі кәсіпорындары қызмет атқарады. Түркістанның ірі кәсіпорындарына тоқыма және тігін өнеркәсіптері де жатады – «Яссы» ААҚ, «Тұран» ШҚ, «Ақ алтын корпорациясы» ЖШС, «ШТФ-Түркістан» ЖШС.

Ауданда мал өсіру, өсімдік өсіру дамыған. Аймақтың ауыл шаруашылығында дәнді дақылдар мен мақта шикізатының жоғарғы сортын өсіру ерекше орын алады.
Ерекшеліктер мен көрнекті орындар
Түркістан Қазақстанның ең көне қалаларының бірі болып табылдаы. Түркістан туралы алғашқы мағлұматтар XV ғасырда кездестіріледі. Қаланың көрнекі жері XV ғасырдың соңында салынған Ахмет Яссауи кесенесі болып табылады. 2000 жылы Түркістан өзінің 1500 жылдық мерей тойын атап өтті.

«Кіші Мекке» деп аталып, киелі қала деп құрметтелетін Түркістанның Оңтүстік Қазақстанның туристтік орталығы болу мүмкіндігі бар.
Әкимат мекен-жайы
Туркістан 487010
Есiмхан алаңы, 3

Телефон: +7 (72533) 4 14 25

14 Шардара ауданының әкімшілігі

Жалпы мағлұмат
Шардара ауданы 1969 жылы, Қызылқұм өлкесін игеру барысында құрылған. Аудан құрамына 10 ауыл округы кіреді.

Әкімшілік орталығы – Шардара қаласы
Ауданның халық саны - 70000 адам
Аудан территориясы 13000 шаршы километрді құрайды
Индустриалды — экономикалық профиль
Аудан экономикасының негізін ауыл шаруашылығы құрайды. 65 мың гектар суармалы жерде мақта, бақша дақылдары, жемістер мен жидектер өсіріледі. Аудан бойынша ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы өнімінің 54% мақта өсіруге келеді. Ауданда сонымен бірге мал шаруашылығы мен балық шаруашылығы да бар.

Ауданда 116 заңды және 5185 шағын жеке кәсіпорындар қызмет атқарады. Оларда 18530 адам жұмыс істеп, 4725,3 млн. теңгеге өнім өндіреді.
Ерекшеліктер мен көрнекті орындар
Аудан территориясында Шардара су қоймасы құрылған. Оның алаңы 400 шаршы километр және суының көлемі 5200 млн.кубометрді құрайды. Ауданда сүтті қайта өңдеу және сүт өнімдерін өндіру үшін Испаниялық қондырғыны салу бойынша, балық шаруашылығы МТБ дамыту бойынша инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.
Әкимат мекен-жайы
Шардара 487810
Төле би көшесi н/с

Телефон: +7 (72535) 2 16 77
Факс: +7 (72535) 2 10 85

 
15 Қазығұрт ауданының әкiмшілігі
Жалпы мағлұмат
Қазығұрт ауданы 1928 жылы құрылып, теңіз деңгейінен 800-1200м биіктікте орналасқан. Аудан құрамына 12 ауыл округы кіреді.

Әкімшілік орталығы – Қазығұрт ауылы
Халық саны – 95500 адам
Аудан территориясы 4100 шаршы километрді құрайды
Индустриалды — экономикалық профиль
Мұндағы табиғаттың туристтік кластер мен тау шаңғысы бизнесі үшін, қарқынды инфрақұрылымды дамыту үшін үміт күттірер база бола алатындай тамаша ландшафты бар. Соңғы жылдары айтарлықтай барлық салаларда оң динамика байқалуда. Ауданның келешегі жарқын және ХХІ ғасырда игерілуі керек потенциалы орасан. Ауылшаруашылық өндірісінің негізгі саласы малшаруашылығы мен дәнді дақылдарды өсіру болып табылады.
Ерекшеліктер мен көрнекті орындар
Қазығұрт жері көне сәулет ескерткіштерін сақтап қалған. Олардың арасында: ХІ ғасырдың ерте діни кешені – Исмайыл ата кесенесі, «Ақбура әулие», «Атбұлақ Тесіктас» қасиетті тарихи орындары мен «Қырық қыз» тас мүсіндері.
Әкимат мекен-жайы
Казгұрт 487540
Қонаев көшесi, 95

Телефон: +7 (72539) 2 19 71
Факс: +7 (72539) 2 13 52
 

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні