ПЕТРОПАВЛ

Солтүстік-Қазақстан облысының әкімшілік орталығы – Петропавл қаласы, өз шежіресін 1752 жылдан жүргізеді әулие Петр бекінісі Пресно-Горьковск бекінісінің маңызды форпосты болған. Нанға және жем-шөпке деген қажеттілік бекініс айналасына крестьян шаруаларды қоныстандыруға ықпал етті. Солдаттар мен драгундер бекініс сыртында өз үйлерін салуға құқылары болды. Оған ең қолайлы жер Подгора болды. Бұл жерде біртіндеп өзенге қарай ығысып көшелер бой көтерді. Қала маңындағы тұрақ қауіпсіздік мақсатында қоршаумен қоршалды. Одан кіру және шығу жолдары , қақпалары арнайы қарауылмен күзетілді. 1759 жылы бекіністе алғашқы рет солдат балаларына арналып мектеп ашылды. Петропавл уездік қаласының алғашқы елтаңбасы 1842 жылы 7 қыркүйек бекітілді. Онда – күміс алқапта көлденең екі тен артылған түйені жетектеп тұрған керуеншінің суреті бейнеленді. 19 ғасырда өзінің әскери-стратегиялық мағынасын сақтай отырып, қала сауда-экономика байланысының және қазақ , орыс халқының рухани қатынас орталығына айналды. 1849 жылы 2 мамыр 450 үйді құртқан лап еткен өрттен кейін Петропавлда жаңа құрылыс болды. Еуропавлық Ресейден крестьяндарды көшіру және Сібір теміржолының құрылысы қаланың дамуына жағдай жсады. Ауылшаруашылық өнімдері Ресей және Еуропа базарларына жайғастырыла бастады. Петропавл майы Петербургке, Москваға, Ригаға, Одессаға, Самара, Владивостокқа сонымен бірге, Англияға, Германияға және Данияға жіберілді. Ағайынды Зенковтардың швейцар Аккола малөнімдерін өңдеу бойынша тері зауыты, Ірі кәсіпорындар пайда болуда. Уақыт өте келе қала әкімшілік қала ғана емес сонымен қатар мәдени қала болып келеді. Петропавл қазақ әдебиетінің классиктері: Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Мағжан Жұмабаев және Иван Шуховтың отаны болып табылады. Петр және павл бекінісінде әлемге әйгілі «Конек-горбунок» ертегісінің авторы Ершов петр балалық шағын осында өткізді, декабрист-ақын Николай Чижов жер ауып келді. Чеш жазушысы Ярослав Гашек біздің аймақты колчактардан босатуда халықаралық жұмыстар жүргізді, Ерекше төл ақын Павел Васильев оқыды, жазушылар Всеволод Иванов, Сергей Марков әдебиеттегі алғашқы қадамдарын осында жасады. әйгілі фантаст- Александр Казанцев тұрған жер. Осында ақын Баймағамбет Зтулиннің, дарынды аудармашы Георгий Твертин өз жолдарын салды, осы жерде ұлы,қазақ қайраткері, демократ Ш. Уәлиханов Достоевскийға хаттар жазды. Қазақ әдебиетінің тарихында Шал ақын атымен белгілі біздің облысымыздан шыққан Тілеуке Купенин үлкен орын алады. Приишимнан тысқары ақын-импровизатор атағы шыққан Молдахмет Тырбиев. Аңызға айналған Қожаберген жырау және Сегіз Сері Солтүстік Пришим жерінде өзінің әсем әндерін шығарған . Бүгінгі күні облыс орталығының халқы 200 мыңнан астам адамнан тұрады. Көптеген ұрпақ еңбегінің арқасында қала экономика және мәдени өмірдің орталығына айналды. Ол екі маңызды темір жол магистралы: Транссібір және Трансқазақстан жолдарының тоғысқан жерінде орналасқан, шығысқа, батысқа облыс оңтүстігіне – ірі өндіріс базаларына Кузбасса, Орал, Орталық Қазақстан сонымен қатар Түмен облысы Ресей Федерациясымен шекаралас дамып келе жатқан нефтьгаз кешені - бұның барлығы индустриалды дамуда өте маңызды фактор болып табылады. Соңғы жылдары Петропавл қаласы бидай өсіретін сонымен қатар бидай шығаратын 3 млн га бидай егілетін және бидай жинауда Қазақстан Республикасының 25 % өнімін құратын аймақтың орталығына айналды.

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні